Аспанға қараймын...
21/05/2025, 01:11

ЖЕТІҚАРАҚШЫ

Халық поэзиясы ұмытылмайды

Ертегілер сана-сезімнің таяз кезінде, адам табиғаттың құпия сырларымен таныс емес шағында туды. Табиғат тынбай өзгеріп, тоқтаусыз дами береді. Дүниедегінің бәрі мәңгілік қозғалыста. Айдың да, Жердің де, Күннің де, жұлдыздардың да тумасынан өздеріне тән қозғалыстары бар.

...1957 жылдың күзі. Жердің жасанды серігі ұшырылды деген Мәскеу радиохабары жер-жаһанда еібектеген баладан бастап, еңкейген қартқа шейін қайран қалдырды. Зымыран мен жерсерікті (спутникті) көру үшін іңірде ҚазПИ-дің қасына жиналды. Сәті түсіп, аспан айдай ашық еді. Көкке тесіле қараймыз. Бір мезетте «әне, әне!» деген дауыс бойымызды электр тогы жүріп өткендей тебірентті. Кеңес зымыраны Алматының үстінен ұшып өтіп барады.

Адамзат тарихында тұңғыш рет кеңес елінде жасалып, жұлдыздай жалтылдап, көкті тіліп, жер шарын шыр айнала аспандап ұшқан жасанды денені өз көздерімен көрді.

- Япыр-ай, дәл айтқан уақытында ұшты!

- Алғаш Жетіқарақшының ішінен көрінді.

- Алатаудан асып кетті.

Зымыран өтіп кеткеннен кейін де жұрт тарқамай, даурығысып тұр. Аспанға ынта күшейді. Әңгіме жұлдызға келіп соқты.

- Ағай, осы жұлдыз қозғала ма?

«Жас кезіміздегіден гөрі жетіқарақшының ана екі шеткі жұлдызының арасы алшақтап бара жатқан сияқты, - деп еді әжесі, сол рас па? – дейді Ертіс бойында ержеткен, тарих факультетінің студенті Н. Жетіқарақшының жұлдыздарын нұсқап.

- Иә, жұлдыздар жапа-тармағай қозғалыста. Жұлдыздардың кең дүниеде орын ауыстыру салдарынан, мыңдаған жылдар өткеннен кейін «бажырайған» Жетіқарақшының «шөміш» тәрізді пішіні бұзылып, осы кездегісіне мүлде ұқсамай кетеді. Дүние полюсінің орны лда ақырындап өзгереді. 12000 жылдан соң дүние полюсі Вега (ертеректегі Ағласон батыр деп аталатын( жұлдызының қасына барады да, Темірқазық сол болады. Полюстің орны осылай жылысып отырып, эклиптика полюсін айналып шығып, 26000 жылдан соң осы кездегі темірқазық жұлдызының өзіне қайта оралады. Дегенмен, Темірқазық жұлдызының өзі де мәңгілік тұрып қалмайды. Мәңгі өзгеріп, мәңгі қозғалып тұратын дүние! Миллиондаған жұлдыздардың жапа-тармағай қозғалыстарында да рет бар: мұның күллісі, соның ішінде біздің Күн де Галактика кіндігін айналып жүреді.

...Жер Күнді айналады. Зымырап жылдар өтер, ғасырлар өтер. Аспан ертегісіне арқау болған жұлдыздардың орны да өзгеріп кетер. Бірақ жұлдыздар жайындағы халық поэзиясы ұмытылмайды. Жұлдыздардың жапа-тармағай қозғалғандағы жүрісі көрер көзге өте жай. Олардың меншікті қозғалысы дейтіні көпшілігінде 1-тей ғана доға. Адам көзінің ажыратқыш қабілеті 60-тей. Жетіқарақшының шеткі екі жұлдыздарының арасы қашықтап бара жатқаны рас. Егер олардың меншікті қозғалыстары 1-2 шамалас деп алсақ, 40-50 жыл ішінде араларының титімдей ашылғанын құнттап қараған кісі жай (құралсыз) көзбен де аңлай алар еді. Тек сезгіш құралдармен (фотография тәсілімен) ғана анықталатын жұлдыздардың орналасуындағы елеусіз парықты жай көзімен айырған әлгі әйел не деген зерек десеңізші! Халқымыздың жұлдыз бақылауға үйірлігінің осы да бір айғағы.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: