15/04/2025, 22:57 | |
ЖЕТІҚАРАҚШЫ Кімді-кім қуып жүр? Айтушылар (екінің бірі деуге болады) Жетіқарақшыны Үркермен іліктіріп, екеуін салыстырып, айырмасын көрсетіп және Үркер қызы туралы белгілі ертегіні қиыстырып, қоса айтып береді. - Үркер шығыстан шығады да Күнге ұқсап жүреді, ал Жетіқарақшы төбеге келген соң қайта айналып өзінің ізіне барады. Жетіқарақшы жерге түспейді, ол Үркерше жиектен батпайды, таң сызып келе жатқанда сол тұрған жерінде жоқ болады (көрінбей кетеді). - Үркер шоқталған, ол үркіп қалған. Ал Жетіқарақшы Үркердей жиын емес, андыздап бытыраған. Жетіқарақшының төртеуі Босаға сияқты, Үркердің төртеуі үйме-+жүйме. Жетіқарақшы Үркерден безіп шыр айналады, ол Үркердің қызын алып қашқан. Бағзыбіреулер Жетіқарақшы Үркерді қуа жүреді. Өйткені Үркердің бәрі де «қыз» екен дейді. Сөйтіп қайсысы қайсысын қуып жүр? Үркер де, Жетіқарақшы да бір орталықты (дүние полюсін) айналатын болғандықтанғ оның қайсысы қашып, қайсысы қуып жүр деп айтса да сияды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |