31/03/2025, 17:06 | |
ТЕМІРҚАЗЫҚ Қарапайым өлшеулер, қорытындылар Жұлдыз әңгімесін сараптап көрсек, жас баланың буыны қатып, жүріп үйрене бастағаны сияқты, халық астрономиясы да ақырындап дамып, оған жаңалықтың құнды элементі – өлшеу тәжірибесінің араласа бастағанын аңдаймыз. Қазақтар ең қарапайым өлшеу жасапты. - Аспандағы ең жылжымайтын тек Темірқазық. Ол батыс пен шығыстың екі аралығында. Ол үлкен емес, орта жұлдыздың біреуі. Өзінің түсі көк. Темірқазық батпайды да жүрмейді. Ьір нәрсені қарауыл етіп алып, сығалап қарапо тырсақ, Темірқазық ешбір тапжылмайды. Бір сырықты сүйеп тұрғызып қойып, соның қыры арқылы Темірқазықты көздеп отырсақ, оның орны тырнақтай да өзгермейді; ұзын-ұзын үш-төрт сырық алып, оларды Темірқазыққа бағыттап телеграф ағашындай «графалап» қаз-қатар қағып, соның ретімен қадағалап қарапо тырса, Темірқазық таң атқанша аумайды. Осы тәжірибені қазақтар Темірқазық ауа ма, аумай ма деп жасаған. Аспан меридианының жуық бағытын, Темірқазық бойынша осылай анықтау, сонан соң жұлдыздардың осы меридианнан өтін бақылау астрономияда осындай оңай тәжірибелерге сүйеніп құнды өлшеулер жүргізген. Сөйтіп, ел ортасында құр ғана бақылау жасап қоймай, өз қолымен қарапайым тәжірибе істеп талпынғандар даболған. Осындай қарапайым өлшеулер мен бақылаулардың нәтижелеріне сүйене отырып, бағзыбір кемеңгер жандар Күн, Ай, жұлдыздардың тәулік сайын көрер көзге туып-батып, шыр айнала жүретіні, олардың өздеріне тән қозғалыс емес, ақиқатында Жердің өз осінен айналуынан болатын қозғалыс деп қорытты. Ұзақ баяндауды тілейтін осы жәйтті шебер ақын ықшам түрде мынадай өлеңмен келістіріп айтыпты. Түн келді Күн өткен соң қараңғылау, Аспанда Ай, жұлдыздың бәрі айналды, Жалғыз-ақ Темірқазық тапжылмайды-ау, Күн батып, Ай, жұлдыздың айналуы, Шынында дөңгеленген Жер жүрісі-ау. Алтайда туып-өскен Әби Оразовтың аузынан жазып алынған осы шумақтың мазмұны астрономияда («Жердің бірінші басты қозғалысы» деген тақырыпта) баяндалатын қағидалармен құйып қойғандай дәл үйлеседі. Осы тәрізді аспан денелерінің басқа сыр-сипаттары да оқымаса да топшылап дұрыс түсініп, оны сырлы сөздермен ұқсатып айтып беретіндер аз емес. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |