Аспанға қараймын...
17/03/2025, 23:49

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Темірқазық көктің кіндігі

Темірқазық аты тіпті ертеден келеді. 1072-1074 жылдарда шығарған «Девону лұғатит түрік» деген кітабында Махмұт Қашқари аспанның кіндігі «Темірқазық», яғни темір шеге, аспан әлемі сол шегені айналып тұрады деп жазған.

 

Темірқазық қазақтың құбыланамасы

Ел адамдарының тұрмыста Темірқазықпен қалай пайдаланатынын енді олардың өз аузынан естіп көрелік.

- Жетіқарақшы Темірқазықтың астынан да, үстінен де айналады. Шұбатылған арқан сияқты жұлдыздардың бір ұшы Темірқазықта, енді бір ұшы ақбозат пен көкбозатқа барады, - деп жылқышы жалма-жан дастарқандағы бауырсақтарды бір-бірлеп тізіп, шоқжұлдыздан аумайтын пішіндер жасайды да, әңгімесін әрі сабақтастыра береді.

- Темірқазық бойынша қай жерде жүрсең де дұрыс бағдарды таба аласың. Сібірде, Маринск маңында, қалың тайганың ішінде жүріп те Темірқазықты оң иығыма келтіре тұрып, Алматы осы жақта деп тура айтып бердім, - деп қояды жолдасы.

- Темірқазықты өзбектер Құтыб жұлдызы дейді. Бетпақ даладағылар сол жұлдызды Шудан қайтқанда маңдайына келтіреді, Арқадағылар Алатауға барса жауырынына алады.

- Шу бойынан мал алып, Мойынқұмнан өткенде Жаңғызқазықты оң иыққа алатын да ауылдың дәл үстінен шығатын.

Қыстыгүні қақиып суық жел тұрса, ал жел Темірқазықтан шықты дейміз. Темірқазық шамалы, орташа жұлдыз. Жылқы баққанда түнде көп жүріледі, сонда ол қозғалмайды.

- 1943-1945 жылдар әскерде барлауда жүргенде Темірқазықты айыра білетінімнің пайдасы тиді. Жердің жсопары болса, Темірқазық көрініп тұрса қандай елсізде адаспайсың, - дейді енді біреулер.

- 1936 жылы Шалбаркөл деген елсіз жермен, Темірқазықты оң шекелеріне ұстап, 150 шақырымдай жүріп, Бестау ауыл кеңесіне таң ата келді.

- Алтынқазық қазақтың құбыланамасы. Ата-бабамыздан бері осы жұлдызға қарап құбыланы табады, адаспай жүргенде соны белгілеп жүреді, - деседі енді бір жақтың адамдары.

- Сырда шөлде, тегіс жерде қой айдап жүргенде қалғып кетсе, адасам ба деп Темірқазықты белгілеп алады. Мысалы, Күнбатыста жүргенде оны оң иыққа туралайды.

- Каспий теңізінде 35 жыл қайықпен балық аулады. Сонда жұлдыздарды белгілеп алып, Темірқазық, Жетіқарақшы арқылы, компас арқылы жолды тауып, адаспай жүріп отыратын. Шыққан жақтары Темірқазық еді, соған қарай жүрсе үйге барамыз деуші еді. Жел бірде одан, бірде бұдан соғады. Әр тараптың аты бар: шығыс, түстік, терістік, құбыла. Темірқазық жақ дейміз, ал оның Жайықбас жағы – шығыс, Арқа жағы – батыс дейміз.

Осылай мың жылдар бойы ойда-қырда, орман-суда жер тараптарын айыруда халқымыз Темірқазықпен пайдаланды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: