27/01/2025, 21:51 | |
ЕСЕКҚЫРҒАН Есекқырған (Сарыжұлдыз) - Сарыжұлдыз дегеніміз Есекқырған. Ол өзі әдемі, шақырайып тұрады, Аймен таласады. Ол туған жылы туады, тумаған жылы тумайды. Және өзі бір оырнда тұрмайды, біресе одан, біресе бұдан туады. Сарыжұлдыз адастырып кетеді, тұрақсыз, Камария сияқты, - дейді кебйір қалжыңбас жылқышылар. - Сарыжұлдыз көтерілген сайын күн суық болады, төмендеген сайын жыли түседі, - дейді елдің көбі. - Есекқырған бәрібір Сарыжұлдыз. Ол Шолпаннан кішірек. Есекқырған қыдырып жүретін, қыдырма жұлдыз. Оның тиянақты орны болмайды. Күншығыстан Сарыжұлдыз көтеріле юерсе, градус көтерілгендей, суық та көтеріле береді. Ол төмен жүрсе, қыс жақсы болады. - Сарыжұлдыз «хитрько» жұлдыз, суықта жоғары өрлеп, жылыда төмендейді. Халықтың Сарыжұлдыз жоғарылай берсе күн суытады деген негізсіз емес. «Халық айтса, қалып айтпайды» деген мақал дәл осы арада теріске шықпайды. Сарыжұлдыздың көтерілуімен ауа райының арасында байланыс жоқ деп, ел сөзін бекерге шығармақ болсақ, қателескен болар едік. Мәселе былай. Юпитердің Жерге ұрымтал (Күнге қарама-қарсы) келуі 1 жыл 34 күн (мұны синодтық айналыс дейді) сайын қайталап отырады, бірақ үнемі бір мезгілде емес: біресе жазға, біресе қысқа ауысып отырады. Юпитердің орбита жазықтығы эклиптикамен беттесуге жақын. Ал эклиптиканың жазықтығы және сонымен бірге Юпитер жолы да, қыстыгүні түнде жоғары, жаздыгүні түнде төмен (көкжиекке жуық) тұрады. Ендеше, егер Юпитердің Жерге ұрымтал (Күнге қарама-қарсы) қалпы қыс ацларына келсе, ол (Сарыжұлдыз) іңірде шығыста туады да, түні бойы жарқырап, төбеге қарай өрлей береді. Ал жаз айларында Юпитер ондай аспандамай, іргелеп (төмен) жүреді. Бұл да Айдың жыл мезгіліне қарап тікірейіп, не шалқалап тууы сияқты құбылыс. Ұрымтал келу кезінен кейін Юпитер көрер көзге батысқа қарай (Күнге жуықтап) жүреді. Міне, сондықтан егер қараша айында Сарыжұлдыз іңірде Күн батысымен шығыстан туса, желтоқсанда іңірде одан жоғары, қаңтарда іңірде төбеге өрлеп келеді де, көктемге қарай төмендеп, батысқа барып көрінбей кетеді. Тегінде бұқара халық аспанға назарын көбінесе іңірде аударады. Аяздың күшеюімен бірге Сарыжұлдыздың күн санап шатынап жоғарылағаны, әрине, көзге шалынбай қоймайды. Міне, 1952 жылы Сарыжұлдыздың көріну жағдайы дәл солай болды (Юпитер 1952 жылы 8 қарашада Жерге ұрымтал, Күнге қарама-қарсы келді). 1964 жылы да осылай болды. Оның бір айда іңірде шығыста көрінуі (Күнге қарама-қарсы келуі), яғни жалпы алғанда оның көріну жағдайы 12 жылдан соң қайталайды. Есекқырғанның суық күшеюімен бірге осылай өрлеуі ертедегі көп жұттардың біріне дөп келіп қалып отырды. Елдің шымбайына батқан жұт жылғы (мысалы, 1916/1917 жылғы) Сарыжұлдыздың шақырайғаны ұмытылмастай есте сақталды. Сарыжұлдыз көкке шапшыса, суық күшейеді деп екінің бірі ырым қылып көп айтуы осыдан. Бірақ оған Сарыжұлдыз кінәлі емес, оның өзінің жолы солай. - Бұрын Сарыжұлдызбен ел көп ұрысушы еді дейді шопандар. Бағзыбір ырымшылдар «кесепаты» тиеді деп, не пәленің бәрін (шөптің, астықтың шықпай қалуын, жер сілкінуін, соғыс болуын) соған жапты. Сөйтіп қазақ ортасындағы аңыз бойынша Юпитер (Есекқырған) тек өсек қана емес, мал түліктерінің қайсысын болса да қырына ала жүріпті. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 27 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |