13/01/2025, 22:08 | |
ШОЛПАН Шолпанның артынан Олпан туады Оңтүстіктің бұлтсыз, ашық түндерінде, Алатау бөктерлерінің мөлдір, таза ауасында не ормансыз беті ашық далада жұлдыздарды бақылап машықталған, көзі өткір малшылар Меркурийді аңламады деп, әрине, айта алмаймыз. Шолпаннан басқа Кіші Шолпан бар, Кіші Шолпан дәл Күннің алдында туады, ол Шолпаннан әлдеқайда кіші болады деп, Меркурийдің туатын және оның үлкендігін дәл сипаттап айтып беретіндер бар. Олпан мен Шолпан жайында тағы былай дейді. Екі жігіт жылқы бағады. Біреуі тұрып, Шолпан туғанша жылқыны сен жай, Олпан туғанша мен жаяйын депті. Осыған келіседі. Бірақ соңғысы жылқышы түнімен жаяды, ал алғашқысы бір-ақ сағат жайыпты. Сөйтіп анау (алғашқысы) қулығын асырып кетіпті дейді. Ал, енді шынттуайтқа келенде, мұның екеуін де планеталардың күрделі қозғалыстары шатастырған болу керек. Шолпанның таңнан едәуір ерте туатын шақтары болады. Ол түннің қысқалау кезі және Меркурийді де таңмен бірге туып жүрген кезі болсын дейік. Міне, осындай жәйтте, әлгіндей етіп келіскенде екі малшы түнді теңжаралап бөліп алады. Енді басқа бір кезге бұл ереже жарамай қалады: түн ұзарады, Шолпан да, Меркурий де кешеуілдеп туады (тіпті мұның біреуі, не екеуі де тумай қалуы мүмкін). Былай деп те айтады. Екі жігіт сен Олпан туғанша күзет, мен Шолпан туғанша күзетейін деп уәделеседі. Бірі Олпанның тууын күтіп түнімен күзетеді. Ұйқысын әбден қандырып тұрған жылқышыдан Олпаның қайда дегенде ол анау деп шығуға таяп қалған Күнді көрсетіпті дейді. Алайда, осының төркіні ту басында қалжыңнан тумаған. Есекқырған (Олпан) кешеуілдеп (түн ортасы ауа) туып, онан соң таң алдында Шолпан туып жүретін кездері көп болады. Сондықтан екеуінің тууын межелеп, екі малшының түнді бөліп күзетуі қисынды нәрсе. Күзетшілер тәжірибесінде күзгі не қысқы ұзақ түндерде шынында осылай болуы мейлінше ықтимал. Енді арада бірталай апталар не айлар өтеді. Есекқырған да, Шолпан да тумай қалатын, не қызыл іңірде туатын шақтары болады. Мұны аңдамаған күзетшілер тағы манағы ереже бойынша уәделесіп күзетсе, онда бірін-бірі алдаған болып шығады. Меркурийдің көріну мерзімдері тым қысқа да, адамдар оны елеп, пәлендей тұрмыс керегіне жаратты деуге орайы келіңкіремейді. Олпан дегеніміз бәрібір сол Есекқырған ғой дейді бағзы біреулер. Сірә, Алматы маңындағы елдердің Олпан (не Болпан) дейтіні Есекқырған юолу керек. Аспан ғылымының тарихын оқып отырғанымызда планеталардың күрделі қозғалыстарын түсіне қою кімге де болса оңай тимегенін көреміз. Планеталардың (Юпитер, Марс, Шолпан, т.т.) «адастырғаны» жалғыз қазақ жігіттері емес. Олардың күрделі ілгерілі-кейінді (тұзақ тәрізді) қозғалысы ғасырлар бойы аспанды бақыаушыларға түсініксіз, жұмбақ болып келді. Планеталардың шыңындағы қозғалыстары ондай күрделі емес екендігін, олардың бәрі, соның ішінде біздің Жер де, Күнді бірыңғай айнала қозғалатындығын тек орта ғасырларда ұлы ғалым Коперник дәлелдеп берді. Олардың қозғалыс бағыттары бірыңғай (бір жаққа қарай) болғанымен, жүрістері әртүрлі – Күнгк жақынырақтары шапшаңдау, Күннен жырақтағылары шабандау және орбита жазықтары дәл беттесіп жатпайды (яғни бәрі бір жазықта қозғалмайды). Міне, сондықтан бір планетаның (мысалы, Юпитедің) қозғлысын өзі жүріп бара жатқан Жерден бақылағандықтан ол бізге бірде ілгері, бірде кейін, шалыс қозғалған сияқты болып, ал кейде Күннің тұсына барғанда жоғалып кеткен (жатып қалған) сияқты болады. Күрделі, шалыс қозғалыстардың себебін түсінбеушілік те ертеректе астрологияның, яғни планеталар Жердегі жеке адамдардың тағдырына әсер етеді-міс деген жалған сенімнің таралуына қолайлы жағдай туғызды. Ал, қазақ даласындағы аспанға зер салушылар Юпитердің, Шолпанның, Марстың, басқа жұлдыздар сияқты, Темірқазықты айналмайтынын, олардың ілгері-кейінді қозғалыстарын, бағзы уақытта жоғалып («жатып қалып») көрінбей кететінін, ал кейде «шатынап» туатынын, кейде шақшиып көтеріле беретінін, не кейде төмендеп кететінін, жүрістерінің осындай «тұрақсыздығын» абайлап, олардың осындай тұрақсыз жүрісімен отырса-тұрса ойдан кетпейтін, көкейтесті мәселені – ауа райын байланыстырмақшы болды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |