Аспанға қараймын...
05/01/2025, 22:09

ШОЛПАН

Шолпан пердесі ашылады

Жердегі адамзаттың бәрі осы бөтен дүниелерде (Шолпан мен Марста) тіршілік бар ма екен деп, соны білгісі келіп өте-мөте құмартады. Жұлдыздарды мекендеген мақлұқ бар болса, онда олар әлгі қиссаларда айтылатын диюлар мен перілер шығар дейді кейбір ауыл адамдары. қайтсін, өзінше ол солай деп қоыртқан ғой. дию-перілер аңқау адамдардың ойлап шығарған ертегісі. Ал, Марс пен Шолпанда өсімдік пен жануарлардың бар-жоғы әлуетті зымырандардың көмегімен жуық араның өзінде мәлім болып қалар. Алғашқы қадам істеді де, 1961 жылы ақпанда ұрымтал келуі қарсаңында Шолпанға автоматты планетааралық станция Кеңес Одағында тұңғыш рет ұшырылды.

Диалектиканың заңы бойынша, қолайлы жағдай (ауа, су, жылу) бар болған орынның бәрінде де бара-бара қайтсе де тіршілік қаулап өніп, өрбитін болады. Шолпан Күннен жылуды Жерден гөрі көбірек алады. Оның атмосферасында көмірқышқыл газы мол. Өсімдікке (егер лығал бар болса) керегінің өзі де осы. Ал, өсімдік бар жерде оттегі (бұл жануарларға тыныс алу үшін кереу) неғылса да пайда болады, өйткені Күн сәулесінің әсерімен өсімдік көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, ондағы оттегін қайтадан ауаға жеке бөліп шығарады. Сөйтіп, мәселе суға (ылғалға) келіп тіреліп отыр. Н.Барабашовтың жоруы бойынша, Шолпан бетінде жердегідей су теңіздері болуы да мүмкін.

Бағзы бір ғалымдар Шолпан тіршілік жаңа бастап, өніп келе жатқан (біздің Жердің дамуының алғашқы кезіндегісі сияқты) жас планета деп топшылайды. Сөйтіп, Шолпанда әзірше ашылмаған ғаламат қызық сырлар бар. Космонавтика дәл осы бетімен дамып отырғанда Шолпан пердесі ашылатыны сөзсіз.

 

Шолпанның артынан Олпан туады

Меркурий Шолпаннан кейін дәл күн шығар алдында шығыста (не күн батысымен батыста) көрінеді де, оны бақылау қиын, сондықтан оның жайын астрономдар аз біледі. Оны оңтүстік жақтарда, мысалы, Қазақстаннның орталық, әсіресе оңтүстік облыстарында бақылау оңайырақ. Оңтүстік жақта іңір тіпті аз, Күн батысымен кенет түн көкжиекке тіктеу келіп шығады, сондықтан таң жарығы мен іңір жарығы көпке созылмайтын қысқа болады да, Меркурийді аспанның қараңғылау реңінде көру оңайлау болады.

Оңтүстік жақтағы қазақтардың арасында «Шолпан туады, шолпанның артынан Олпан (не Болпан) туады» дейтін сөз бар.

«Шолпан сәске түстікке келгенде артынан таңмен аралас Олпан туады. Олпан Шолпаннан кішірек, бірақ ол да үлкен жұлдыз» дейді айтушылар.

«Шолпан туа жүріп кетіп, олпан туа қайтып келу керек» деп жігіттер асығыс, суыт жүрген кезде айтқан екен» деседі ел арасында.

Елдің Олпан дейтіні, мүмкін, Меркурий шығар? Бірақ анығында солай деп әзір ашып айтуға болмайды.

Есекқырған (Юпитер) таң алдында да, үтнде де, іңірде де туа береді. Елдің Олпан дейтіні Есекқырған болуы да ықтимал. Кейде таңға жақын туған Есекқырғанды Шолпан деп, ал одан кейін туған Шолпанды Олпан деп қалуы да мүмкін. Тегінде Есекқырған мен Шолпанды елдің көп шатыстырғанын, Есекқырған деген аттың да содан шыққанын ескеруіміз керек.

Күн мен Жерге қатысты орналасуына қарай Шолпанның да, Есекқырғанның да жалтырауы біресе күшейіп, біресе бәсеңдеңкіреп, олардың көрінетін кездері де өзгеріп отырады. жай көзбен (дүрбісіз) қараған адам бұл екеуін бір-бірінен айыра алмай қалуы да ғажап емес. (жалғасы бар)   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: