13/05/2024, 23:12 | |
ҒАДІЛЕТ СЕЗІМ (Қырық бесінші қарасөз) Абайдың «құдай» туралы ұғымы кең. Адам баласы мыңдаған жылдар бойы әр түрлі діндерге сеніп келгенмен, ол бір «үлкен құдай» барын білген, соған құлшылық еткен дейді Абай. Әр түрлі діндер – сол үшін «үлкен құдайға» жетудің жолдары, тәсілдері. Бірақ барлық діндерге ортақ мәселе – Ғаділет пен Махаббат. Нағыз құдай жолы – «үлкен құдайды» мойындаушылық. Ол үшін тек Жаратқанды мойындап қана қоймай, оған ғашық, ынтық болу, оның хикметін сезіну керек. Адамды адамнан жоғары қоятын байлық емес, билік емес, Алланың хикметін кімде-кім анығырақ сезінсе, сол биік болмақ. Алла хикметі – ғаділет пен махаббат. Бұл сезімдерсіз өмір жоқ. бұл сезімдер толығырақ болса, ол – ғалым, ғақыл. Адам жанынан ғылым шығара алмайды дейді Абай. Ол дүние болмысын сезініп, көзбен көріп, ақылмен біліп барып ғылым жасамақ. Мұндай философияны Батыста пантеизм атаған, бірақ Абай пантеизмінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл тұста құдай таным тиянақтығы үшін алынып, оның хикметі адамгершілік қағидасы болып, дүниедегі нақтылы сезінуші, танушы, әрекет етуші адам болып отыр. Былайша айтқанда, мәселе Алла туралы емес, мәселе адам болмысы туралы. Абай дүниетанымында адамның құдайға құлшылығы емес, Алланың адамға берген хикметі негізге алынған. Адам болса Алла хикметін сезіну керек, бұл оны Құдайға құлшылығынан босатады. Алланың хикметін сезіну – соның жолында болу. Ол үшін адамға қажетті сезімдер – ғаділеттілік пен махаббат. Бұл – гуманизмнің басты қағидалары. Осы ойлары арқылы Абай бір діннің шеңберінен, бір дін дүниетанымынан алыс кетіп адамзаттыққа тән ойлау жүйесіне түскен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деуі – осы айтылған ойлардың деңгейі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |