29/01/2024, 09:45 | |
ОЙ КЕСЕЛДЕРІ (Отыз екінші қарасөз) Абай «талап» дегенді кәдімгі ғылыми, философиялық ұғым ретінде талдаған. Адам талаптанып іс қылуы үшін оның шарттарын білуі керек екенін айтады Абай. Ол қандай шарттар, солардың бас-басына тоқталайық. Біріншіден, білмегеніңізді білуге деген құмарлық. Абайдың айтуынша, талаптан «сол рахат білгеніңді беріп ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады». Мұндай талаптанған адамдар білмектіктің өзін дәулет деп санайды. Олар үшін дүниенің қызығы – ғылым мен білім. Егер білім мен ғылымға нағыз құмарлық, махаббат болмаса «көңілің өзге нәрседе болса... ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады». Абай: «...Шала мейір шала байқайды», - дейді. Ғылым мен білімге берілген адам өзге істерге алаңдамауы керек. Абайдың: «Дүние де өзі, мал да өзі ғылымға көңіл берсеңіз», - дейтіні сондықтан. Шала-шарпы оқуды Абай талаптылықтың шартына қоспайды. Талаптылық сол іске мүлдем берлігенді қажет етеді. Екіншіден, ғылымды үйренгенді мақсат еткенде ақиқатқа жету үшін талап ету қажет. Бірақ Абай ғылымға жету үшін бахастықты да («бахас» деп Абай бәсекеікті айтады) мүлдем теріске шығармайды. Ақын: «...Азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түігл бұзады. Анық себебі, әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады», - деп жазады. Мұндай бахасшылдық сөзсіз күншілдік туғызады. Сондықтан бахас та ғылымға үйренбектің бір жолы болғанымен, оған мүлдем берілу қателікке апарады. Абай өзге салалардағы сияқты ғылымға үйренушілер арасындағы бәсекелікті теріске шығармай, тек шектен шықпаушылық туралы ескерту жасаған. Бәсекелік те талаптың бір шарты, оны ескермеуге болмайды. Ал ақиқат мақсатпен ғылымға үйренушілер ерекше жандар, ондайларды Абай хакімдер деп атаған. Хакімдер бәсеке дегенді білмейді, олар үшін дүниенің бар қызығы – білмекке құмарлық. Үшіншіден, өзің жеткен ақиқаттан өлсең де айырылма, берік бол дейді Абай. «Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?» Әрине, бүгін айтқан сөзіңнен ертең қайтып жатсаң, онда қандай тиянақтылық болмақ? Мұндай қылықты жігерсіздік, талапсыздық деп атауға болады. Сонымен бірге менің айтқаным ғана дұрыс деген пікірден мүлдем аспай, ақиқатты догмаға айналдыру да талаптылық шарты емес. Өзіңнің көзің жетпегенмен, ақиқатқа көзіңді өзгелер жеткізе қабылда, одан кем-қор болмайсың. Өзің білмегенді өзгеден білуге талпыну да талаптың шарты. Төртіншіден, Абай білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар, олар мұлахаза және мұхафаза дейді. Оның мұлахаза деп отырғаны – ойласып, пікір алысу да, ал мұхафазасы – сақтану, қорғану деген түсінік. Бұларды Абай тәптіштеп талдамаған, тек түсінік ретінде берген. Бұл ұғымдарды тереңірек талдау үшін олардың араб философиясындағы орындарын анықтау керек. Бесіншіден, Абай ақыл кеселдері туралы айтқан. Ол мәселе жөнінде туралы айтқан. Ол мәселе жөнінде отыз бірінші сөзде айтылған. Абай ақыл кеселі туралы он тоғызыншы сөзде айтылған дейді, расында онда салғырттық хақында ой айтылған. Демек, он тоғызыншы, отыз бірінші сөздерді қараған жөн. Алтыншыдан, ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар дейді Абай. Мінез берік болмаса оқығаннан да, үйренгеннен де пайда жоқ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |