Абайдың хакімдігі
15/01/2024, 10:30

«ҰЯЛМАС БЕТКЕ ТАЛМАС ЖАҚ БЕРЕДІ...»

(Отызыншы қарасөз)

Абай жиырма бірінші сөзінде мақтанның екі түрлісін байқадым деп жазған еді. Оның түрлері – үлкендік және мақтаншақтық. Бұл сөзінде Абай «қырт мақтан» деген бір мақтан бар дейді. Ол не? Оған Абай былайша түсініктеме берген: «Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдығы, арлығы жоқ».

Мұндай мақтаншақтардың сөзі мен ісінің арасы жер мен көктей, өздері айтқан сөздеріне өздері лайық емес. әдетте қырт мақтаншақтар қорқақ, суайт, даңғаза болып келеді. Сөздеріне қарасаң, мұндайлар өлімнен де қорықпайды, ешкімге бас та имейді. Ал шынтуайтқа келгенде, нақтылы істен тайқып шыға келеді. Олардың мінезін «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деген халық мақалы дөп ашқан.

Абайдың айтқан бұл «қырт мақтанын» іскер, сертке берік, жаны жомарт жанның бойынан таппайсың. Демек, мұндай мақтанға ұрынған адамды нағыз антұрған, желөкпе дей бер. Олар не өзін, не өзгені көгертпейді, жүрген жері айғай-шу, сөз тасу, реті келсін, келмесін кеңірдек керу. Абай оларды арсыз, ұятсыздардың бірі деп сынаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 41 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: