Абайдың хакімдігі
04/12/2023, 10:17

«МЕН АЙТҚАН ЖОЛ – МАЛ АЯР ЖОЛ ЕМЕС...»

(Жиырма бесінші қарасөз)

Орысша оқыған адамға дүние арзанырақ түседі дейді Абай. Орысша оқу арқылы білімді одан әрі тереңдетуге мүмкіндік болады, міне, осы себепті орыстар дүниенің тілін біледі деген қорытынды жасаған. Бірақ қазақтар баласын орысша оқытқанда алдына осындай оқытқанда алдына осындай мақсат қоя ма, жоқ, олар орыс тілін біліп алып, соны қару етіп бірін-бірі аңдымақ па? Бұл – жиренетін ниет. Осы ниет құрымай орысша оқып жүрген баладан жақсы кісі шықпайды деп қынжылады Абай. Әйтсе де, солай болғанда да орысша оқығандардың оқымағандардан ісі көш ілгері. Сондықтан Абай мәселені турасынан қояды. Балаңа қатын әперме, бар малыңды салып оқыт. Әйтпесе, балаң «бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, яғни жұртқа рахат көрсетер ме?»

Қазақты алға бастайтын жол – оқу. Балаңды аясаң оны орысша оқыт, көкірегі ашылады, тынысы кеңейеді, ел қатарлы, өзгеге қор болмай кәсіп қылады дейді хакім Абай.

Осы сөз хақында бүгінгі зиялылар тарапынан көптеген пікірлер айтылады. Ақынның айтуынша, орыс білімі – дүние кілті, оны білмесең өмір сүруің ауыр болмақ. Абай орысша оқу дегенде, оны дүниенің тілін білу үшін құрал ретінде ұсынып отыр. Мақсат орысша білуде емес, оны білім, ғылым, өнер жолына түсу үшін пайдалануда, одан өзге ол кезде жол жоқ, қазақтарға ағылшын, неміс, француз тілін үйрен деудің мүмкіндігі жоқ еді. Батыстағы білім қорына шығудың жолы – тек орысша оқу. Абай реалист, демек, ол шындықты нақтылы мәнінде түсініп отыр. Бұл құр әншейін орысшаға бас шұлғу емес. Орыстар дүниенің тілін біледі, ал сен оның тілін білсең көкірегің ашылады. Көкірегі ашылса әрі қарай қандай жолға түсеріңді өзің де білетін боласың. Мәселе – мына күйден арылу керек, отбасы, ошақ қасы тірліктен құтылу керек. Ақын ойлана келіп, замандастарына осы жолды ұсынып отыр, ол мал аяр жол емес.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: