Абайдың хакімдігі
27/11/2023, 09:15

ҚАЗАҚШЫЛДЫҚ

(Жиырма төртінші қарасөз)

Абай халқының тұрмысын ойлап, оның болашағына көз жіберіп қапа болады. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды дейді ол. Сонда қазақтар несімен ерекше? Бірін-бірі аңди, ұрлыққа әуестеніп, ұсақ тірліктің құлдарына айналуымен ерекшеленеді. Жүз адамның соңынан екі жүз кісі пәле іздеп жүргені. Осылай бола берсе қазақтар бірін-бірі құртып тынбақ. Одан кім пайда табады, кім ұтылады, оны ақылға салатын жан және де жоқ. Сонда дүние жүзіндегі жұрттың қоры болып жүре бермекпіз бе деген сұрақты келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырған.

Қазақтың мұндай халге түсуіне басты себеп оның елдік мүддесінің қалыптаспағандығында. Жұрт қайткенде де сол бір құзғын өңештің қамын ойлап, күйкі тірлікпен күн кешуінде. Қазақ өркениетті халық болсын деген ойдың патша әкімдеріне жат екені анық, ал ел ішінен бел шешіп сыбанып ел болуға шақырған азамат және де жоқ. Есті, мықты дегендер болыс, би болсам екен дейді. Ел қамын жеген ер де жоқ деп ақынның қапа болуы сондықтан.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 45 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: