Абайдың хакімдігі
23/10/2023, 21:44

ЕСТІЛІК

(Он тоғызыншы қарасөз)

Қазақта мақал бар: «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың».

Естілік дегеніміз, мақалда айтылғандай, адамның туа біткен қасиеті емес, дүниенітану нәтижесінде болатын нәрсе.

Есті болу үшін естілердің сөзін ескеріп жүру керек. Жалпы естіліктің жеке өзі іске жарамайды. Естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескере, жаманнан сақтанса, сонда іске жарайды.

Абай естілердің сөздерін ескеретін адамдардың тапшылығына қынжылады. «Сөз танымайтын жұртқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны баққан жақсы» деген екен бір хакім», - дейді Абай.

Сөзді ұғып, сөз тыңдайтын адамдар Абай заманында аз болған, қазір де солай. Білімге бой ұрғандардың, естілердің сөзінде жұмысы жоқ, солай бола тұрғанымен, естілік дегеніміз – қоғамдық сана, пікір деңгейін білдіретін өлшемнің бірі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 54 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: