Абайдың хакімдігі
02/10/2023, 09:23

ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ

(Он алтыншы қарасөз)

Қазақ санасына құдайға құлшылық мықтап сіңбеген, көп жағдайда әдетіне айналған.

Дүниеде себепсіз құбылыс бар ма? Жоқ. Қазақтың дін мәселесіне немқұрайлы қарағандығының екі себебі болса керек. Біріншіден, халқымызға ислам діні барлық болмысымен енген жоқ. Дін таратып, оның тазалығын сақтайтын мешіт дегендер көбінесе қалалық жерлерде болды, оның өзінде оларда шеттен келген татарлар қызмет атқарды. Ел ішінде ауыл молдаларынан басқа діни үгіт-насихат жүргізетін мамандар және діни кітаптар тапшы болды. Екіншіден, қазақ тұрмысына сол замандарда ислам дінінің қажеттілігі екіұшты дүние болатын. көшіп-қонып жүрген халыққа түйеге артып, атқа өңгеріп кететін нәрселер ғана қажет. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан жауынгерлік тұрмыс-салт. Үшіншіден, қазақы дүниетанымның сопылық түсінікте қалыптасқан көптеген қағидалары діни қызметті де атқара беретін. Демек, қазақтар исламнан өздеріне керегін алды десек те болғандай. Мысалы, Орта Азияда сопылық тақуалық дәстүрінде ордодоксалдық сипат алса, қазақ жерінде сопылық халық поэзиясында өріс тапты. Айтпағымыз, ғашықтық жырлардың ел ішінде кең тарауында сопылық дүниетанымның әсері мол болған. Қысқаша айтқанда, қазақ халқы исламға беріліп құлшылық етпегенмен, мұсылмандық дәстүрінде ғұмыр кешкен. Осы ерекшелік құдайға құлшылық жасағанынан-ақ байқалады. Сахараның кеңдігі қазақтардың ісі мен қарекетіне еркіндік берген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 43 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: