Абайдың хакімдігі
26/09/2023, 22:52

«ТІЛ ЖҮРЕКТІҢ АЙТҚАНЫНА КӨНСЕ...»

(Он төртінші қарасөз)

Жүрек туралы қазақ көп айтады, бірақ оның барша қажеттерін парықтамайды.

Жүректі кісі деп ел көбіне батыр адамды айтады. Ал жүректілік жігерліліктен, қайраттылықтан, ақылдының сөзіне иланудан аңғарылатынына мән бере білмейді. Халықтың азып жүргені ақылсыздығынан емес, ақылдының сөзін тыңдамағандығынан. Абай айтып отырған қазақтың тағы бір кемшіліг – жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жинап алып кетерлік қайратының аздығында.

Ақынның осы ойларына зер салсақ, халқымыздың отызыншы жылдардағы қырғыны еске түседі. Шіркін, Абайдың айтқанын еститін құлақ болғанда, мүмкін, халық мұншама қырылмас па еді? Қарекетке бастайтын қайрат-жігер болмағандықтан іс өнбейді. Жаманшылыққа ұрыну деген сөзі мақтанға салыну, өз бойын бір тексермей, қат-қабат тіршілікте көнбіс қалыпта езіліп жүре беру болып шығады. Жаманшылықтан бойын жинап алған адам – көштің соңынан ере бермей, адасқан көштен атының басын бұрып алуға жаралған жүректі кісі. Бұл – қазақтың жүректі кісі дегенінен өзге құнарлы түсінік. Елдің азып-тозып бара жатқанын сезген Абай содан шығудың жолы – халық түсінігінің өзгеруі деген тоқтамға келген. Ол үшін «тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған... шықпас» еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 48 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: