Абайдың хакімдігі
26/09/2023, 22:27

ШЫН ИМАН

(Он үшінші қарасөз)

Он екінші сөзде айтылған ғибадат, иман мәселесін Абай осы сөзде әрі қарай жалғастырған. Иманға түсініктеме бере келіп, ол иман келтіріп илануға екі түрлі нәрсе керек дейді. Я, әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылмен дәлелдеп илану, оны якини иман (шын иман) деп атайды. Бұған жету оңай шаруа емес. терең оқу керек. Ғұлама болу керек. Қазақ арасында ондайлар не жоқ, не жоқтың қасы. Екінші біреулер біреулерден естіп, молдалардың айтуымен иланады. Мұны тақлиди иман (біреуге еріп иман келтіру деген сөз) дейді. Шын иман болса, біреу өлтірем деп қорқытса да көңілі қозғалмастай берік болуы шарт. Абай мұндай иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек деп тұжырымдайды.

Ел ішіндегі иман келтірушілердің дені – тақлиди иманды болғанымен, беріктігі жоқ, өмірдің ықпалына қарай өтірікті шын деп ант беруден тайынбаушылар. Ондайлардың «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген түсінігі бар. Сонда әңгіме қайдағы иман туралы болмақ? Бұл мәселеге Абай жауап бермеген, бірақ істің бетпердесін ашқан. Иман туралы ойланып-толғанып бір шешімге, ғибрат жасауға келу – әркімнің өз шаруасы.

Адамның сеніміне зорлық болмағаны ләзім. Якини иман келтіру үшін қисын арқылы Алланың барлығын ақылмен тану шарт. Ал егер ақылын оған жетпесе, дәлелің болмаса, Аллаға сенгеннен басқа иман келтіруден өзге не бар? Міне, Абайдың иман туралы өз тұжырымы осы тұрғыда болып келеді. Халық арасында ол осы екі иманды таба алмаған. «Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, тақлиди иманы бар деуге беріктігі жоқ...» дейді Абай. Онысымен қоймай, кеңпейіл қазақ: «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деп жалған мақалды қуат көреді. Міне, осындай қазақты енді танып көр. Абай ойын осы тұрғыда ғана өрбітіп, қазақтың неге шын иманды танымағаны туралы дәлел айтпаған. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 46 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: