Абайдың хакімдігі
26/09/2023, 21:46

ҒИБАДАТ

(Он екінші қарасөз)

Иман термині қазақ санасына ислам діні арқылы енгенмен, келе-келе ар, білімнің (этиканың) ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибадатсыз болмайды.

Ғибадат дегеніміз – мұсылманның өткеретін парыздары. Абайдың айтуынша, кімде-кім иман келтіріп, қадір-халінше ғибадат жасап жүрсе, оны құп алу керек. Себебі адам білгенін істейді, білмегенін одан талап етуге болмайды. Бірақ, - дейді Абай, - ол кісі осы білгенім жетті, енді әрі үйренудің қажеті жоқ деген түсінікке келсе, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау – имансыздық. Бұл – Абайдың ислам дініне жасап отырған реформалық қарекеті. Білуге құмарлық – имандылық мәнісі деу – асқақ ой, ол – адамның өзінің шексіз кемелденуін мойындау деен сөз. Иман келтірсең, өз қарекетіңе салғырт қарама, салғырттық – көзбояушылық.

Абай иман арқылы адамгершілік табиғатын ашуға талпынған. Иманды Абай діни сенім мағынасында ғана емес, өзге мәнде де қолданған. Мұнда ақынның жас шағында көп оқыған сопылық әдебиеттің де әсері аңғарылады. Иманды сенім емес, таным тұрғысында талдау – ислам философиясында бар дәстүр. Абай бұл жерде осы дәстүр кеңістігінде қалмай, халық түсінігіне орай олардың тұрмыстағф, қарекетіндегі салғырттық дінінде де орын алып отырғанын көріп, қынжылғандықтан туған ойларын ортаға салған. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 45 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: