19/06/2023, 20:37 | |
«ШАРАСЫЗДЫҚ» (Он бірінші қарасөз) Қазақ даласына отаршылдық ұрлық, бұзақылықты қоса әкелді. Халқымыздың болмысында орысқа бодан болмай тұрған заманда мұндай қылықтар болмады дей алмаймыз. Адам адам болғалы ұрлық, бұзақылық – жойылмай келе жатқан жат қылықтар. Абай заманында осындай жат қылықтар қоғамның жазылмас дертіне айналды. Момын елге бұл да бір қайғы болды. Неліктен осылай болды деген жайға келсек, нағыз ұрлықпен айналысатын ұрылар емес, ұлықтар екеніне көзіміз жетеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ұрылар ұрлықпен мал табам деп жүрсе, ұлық оларға тыйым салмайды. Себебі өз есебі бар. Күні ертең алдына әділдік іздеп мал ұрлаған ұры да келеді, малынан айырылған даугер де келеді. Ұры итжеккенге айдалып кетуден қорқып, басын арашалау үшін малын қайырып алу үшін ұлыққа пара береді. Ұрлық – ұлық үшін табыстың көзі, олай болса ұрлықты жоюға ұлықтар мүдделі емес. бұзақылар болса ел тыныштығын бұзып, дау-дамай туғызып, тағы да қара жалықты ұлықтарға кіріптар етіп жүр. Ертеде ұрлықты, бұзақылықты елдің есті кісілері тыюшы еді. Енді билік орыс әкімдерінде болғандықтан, соларға хағынам деп ұрлық, бұзақылық дертіне байлар да душар болды. Олар нені болсын малмен сатып алам дейді де, жиған-терген дәулетін талан-таражға салып, елдің де қадірін кетіріп, өз басын да дауға салып, далбаса тіршілікте күй кешеді. Абай осы екі жат қылықты жұрттың бәріне ортақ дейді. Бұдан сау адам қалмаса, сонда елді кім түземек? Ел ішінде ант, серт, адалдық, ұят сынды парасатты мінез-құлық әлсіреп барады. Осыны дұрыс жолға салатын қолында малы, аузында сөзі бар қазақ байлары десек, олардың өзі бұзақылардың сөзін сөйлеп, бұрыс жолға бастауда. Өз бас билігі өз қолынан кеткен жұрттың халі осы болмақ. Абайды жегідей жеп отырған – ел басына түскен дерт, содан құтқарудың жолын таппағаннан туған шарасыздық. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 55 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |