Абайдың хакімдігі
05/06/2023, 22:05

«ОСЫ МЕН ӨЗІМ – ҚАЗАҚПЫН...»

(Тоғызыншы қарасөз)

Ақын тоғызыншы сөзін осылай бастайды. Лай болса, қазақтың қай қылығын қостап, оны жақсы көрмекпін немесе нендей қылықтарынан жиреніп, оны жек көруім керек. Ақын оған жауап бермейді. Қазақтың жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске көшеріне ақынның сенімі жоқ. Халқына, оның ұсақ-түйек тіршілігіне налып, қапа болған Абай: «Мен өзім бірі болса да анық тірі де емеспін», - дейді.

Ақынның айтқандарын дәлме-дәл түсінуге болмайды, оның күйзелісі – Асан Қайғы іспетті болашаққа үмітпен қарау, өз дертіңді өзің анықтау, өзіңді-өзің аяусыз сынау, сөйтіп кеселді дерттен құтылу жолында қарекет ету. Бұл – өмір философиясының қағидалары. Өмір мен өлім болмысын қатар алып келе жатқан қазақтың философиясында сонау Қорқыт, одан бергі Асан Қайғыда молынан кездесетін ойлар жүйесі. Қазақ тұрмысында өлім туралы өлмес ойлар қалдыру дәстүрі болған. Сондықтан да Абай өлер кезде «Әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеуді тілеп, артқа алаң болмай өлуді айтады. Сонда өлімнің қайғысыз болуы оның мәніне жеткендік емес пе? Бұл – мәселенің бір қыры, екіншісі – өлімнің қайғысыз болуы өмірдің мәнсіздігін, өкінішті екендігін де мойындау емес пе? Бұл сұрақтарға жауапты адамзат баласы әр заманда қойып келеді, нақтылы жауап жоқ, себебі өмір мен өлім мәнін адам баласы ешқашан шешпек емес. бұл – табиғат құпиясы, оны адамның мойындауынан өзге еш лажы жоқ. Абай осы қысқа сөзінде осы бағытта ой өрбіткен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 56 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: