29/05/2023, 21:31 | |
«АҚЫЛ МЕН НАСИХАТҚА КІМ ЗӘРУ?» (Сегізінші қарасөз) Абай бұл сөзін сұрақпен бастайды. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Шынында, ақыл, насихат кімге керек? Ақын өз заманының әлеуметтік тегін жіктеп береді. Алдымен ақыл, насихат ел басшылары болыс-билерге керек пе? Жоқ, оларға ақыл мен насихаттың еш қажеті жоқ, қайта өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған. Тіптен, ақыл үйренейін дегені болса да, олардың қолдары тимейді. Ұлықтан сөз естімеу үшін оған жағыну керек, ел тентегін тыю керек, елді бірқалыпты басқару керек, оның үстіне өз қалтасынан шыққан шығынның орнын толтырмақ болған тірлігі не болысқа, не биге ақыл үйренуге мұрша бермейді. Мүмкін, ақыл мен насихат байларға қажет шығар? Дәулет қонып дүниенің жарым басында тұрған байларға ақылдың керегі жоқ дейді Абай. Олардың ақылы – малы, бәрін паралап сатып алады, діні, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны – бәрі де мал. Тіптен, ақыл үйренем десе де, мал қамымен қолдары тимейді. Малды бағып-қағу, оны ұрыдан сақтау, мұның бәрімен әлек болып жүргенде ақыл, насихатты кім керек етпек? Ұры мен залым, сұрқияларға ақыл әу бастан артық. Ақыл соларға керек-ау деген қойдан жуас кедейлерге келсек, олар өз қара басы жетісіп, күндерін көре алмай жүр. Кедейге білім не керек? Ақылды ана ел атқамінерлеріне айт дейді олар. Сонымен, ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма деп Абай сөзін сұрақпен бастап, мұрақпен аяқтайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 49 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |