02/05/2023, 23:34 | |
«АДАМ ЖЫЛАП ТУАДЫ, КЕЙІП ӨЛЕДІ...» (Төртінші қарасөз) Адамның тылсым табиғаты- мәңгі жұмбақ болып қала беретін құбылыс. Абай осы тылсым иесінің екі күйіне талдау берген. Олар – Күлкі мен Қайғы. Дүниеде күлмейтін не қайғыланбайтын жан бар ма? Бұл алма-кезек болатын көңіл-күйлері емес пе? Абайдың айтып отырғаны өзгеше мәселе. Өмірде күлкіге салынып, қайғы ойламайтын «қаңбақ жандар» болады, күлкіні біле білмейтін мұңды жандар болады. Абайдың пайымдауынша, күлкінің өзі мастық, ал бір мастың сөйлеген сөзі бас ауыртады. Күлкіге құштар жан шаруадан, яғни адал қарекетінен қалмақ. Уайым-қайғы ойлағыш адам о дүние шаруасына да, ахиретке де жинақырақ болады. Бірақ адамның күлмей, үнемі қайғыда жүруі мүмкін емес. ондай адам ішқұса дертіне душар болмақ. Күлкі жауып өткен жаңбырдай көңіл-күйін шайып өтеді. Күлкісіз тірлік жоқ. Абай осы мәселенің шешуін ұсынады. Ақын надан адамның қылығына күлсең рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, оның өзі қайғы, жақсы жаның қылығына күлсең рахаттанып, жақсыдан ғибрат алдым деп күл дейді. Расында дүниеге жылап келіп, кейіп өтетін жанның өмірі қарекетсіз, тек күлкімен өтеді дегенге кім сенбек? Болмыстың мәнін түсінбеген адамда уайым-қайғы бола да қоймайды, олай болса ондай жанда сана да жоқ. Ішкеніне, жегеніне мәз, қуыс кеуде. Кейбіреулері ойласа керек, малым бар, ие болса соны сатып алам деп. Рас, дүние кірін сатып алуға, біреуге пара беріп ғаділет жолынан тайдыруға ондай жанның күші жетпек, бірақ адамның түптің түбінде басына түсер таусыншақ күн туғанда, ол бір күндік ғұмырға зар болмақ. Осы іс-мәнісін ұққандықтың өзі адамға ой салатын, адал қарекетке бастайтын қайғы емес пе? Өлімнен Қорқыт бабамыз да қашып құтылмаған. Түсінген адамға өлім қайғы емес, өмір – уайым. Осындай жайларды түйіндей келе Абай. «Әуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды», - дейді. Адам өз қайратына сүйеніп қарекет етсе, күлкінің де, қайғының да мәнісіне түсінбек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 57 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |