Абайдың хакімдігі
06/03/2023, 07:50

«ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН...»

Зар дегеніміз не? Пайымдауымызша, зардың үш мәнісі бар. Бірінші мәнісі – зарды жанға жағымсыз мәнде қабылдаушылық. Зарлану, зарлап қалу, заржақ дегендер тоғыса келе адам халінің әлсіреген жағдайын білдірмек. Өмір болған соң мұндай жайлар болмай тұрмақ емес. адам басына іс түскенде, қайғы бұлты торлағанда, кең дүние тарылғанда зарланбағанда не істесін? Бұл – адамның ауыр халінің бір көрінісі.

Екінші мәнісі – әлденеге ынтық, құштар, құмар болу не бір істі мақсат етудегі ыстық ынтаны зар болу дейміз.

«Ер Төстік» ертігісінде әке-шеше бір балаға зар болады, ақыры іс оңға басып, өмірге Ер Төстік келеді. Міне, осыған ұқсас оқиғалардағы зар болушылықты үмітке қатысты айтамыз.

Зардың үшінші мәнісі дүниетанымдық сипатта. Мұндай жағдайда нені жоқтап зар етеміз? Бұл жерде зардың екі астары бар, бірі – барға місе тұтпаушылық, Абай қайғы мен ызаға көңілі толып отырғаны жоқ, керісінше, екеуі бірігіп алып, оған қысым жасауда. Бұл – болған іске зарлану. Зардың екінші астары болмаған істі, әлі айқындалмаған жоқты аңсаудан аңғарылмақ. Бұл болашаққа, ақын сөзімен айтсақ, келер заманға қатысты. Абай: «Көк тұман алдыңдағы келер заман», - деп ой түйіндегені көпшілікке белгілі. Келер заман айқылдалмаған, тұман дегенде нақтылық жоқ, оны дөп басып кім айта алмақ, сондықтан ол зар – санасына айналатынын да түсінуге, сірә, болатын мәселе.

Абай зар дегенде, оның соңғы мәнісіне қатысты ой білдірсе керек. Абайдың зары, оның тіліне шыққан ойы, түсінігі – біз соларды түсінуге талаптану нәтижесінде осы жайларды баян етіп отырмыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 78 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: