Абайдың хакімдігі
09/01/2023, 09:26

«АҚЫЛДЫҢ ЖЕТПЕГЕНІ АРМАН ЕМЕС...»

Арман дегеніміз – ақылымыздың жеткені, бірақ осы арманға ақылымыздың жеткен-жетпегенін қалайша анықтамақпыз? Мәселенің түп қазығы осында, егер оны нақтылап біліп отырсаң, өмірдің не қызығы қалмақ? Өмірдегі сан қилы оқиғалардың болып, өрбіп, өсіп жатқаны сол ақылдың арманға жеткенін не жетпегенін біле алмай далбаса болуымызда емес пе? Мұндай істің шешімі өмір сүруші әркімнің қолында. Өмір сүрудің, өкінішке орай, сандық ережесі жоқ, өмірдің небір заңдылыққа бағынбайтын қалтарыстары, құбылыстары, көріністері есепсіз мол, солар адамдардың табиғи болмысын неше түрлі иірімдерге сала бермек. Адамның осы тылсым табиғаты әлімсақтан бүгінге дейін, бүгіннен «заманақырға» дейін толассыз бола бермек, бұл – ырықтандыруға көнбейтін адамзаттың нәпсілік болмысының сансыз көріністері. Енді ақылсыз арман болмақ па деген мәселеге тағы оралсақ, біздің айтарымыз қысқа. Ақылсыз арман туралы сана болмақ емес. арман – биік ұғым, оны түсіну, әрине, іскерлікке, ізгілікке, мақсатқа негізделген ақылды қажет етпек, бірақ арман ізгілікке, мақсатқа негізделген ақылды қажет етпек, бірақ арман ізгілікке құрылмаса, ақыл оны адамзат табиғатына қарсы іс-әрекеттеріне де бастап кетуі әбден мүмкін, себебі іскерлік пен мақсат үнемі ізгілікті қажет етпейтін жағдайлары көп екенін адамзаттың өткен тарихи тәжірибесінен де, бүгінгі тәжірибе-болмысынан да көріп отырмыз.

* * *

Осы өлеңнің, «Лай суға май бітпес қой өткенге», алтыншы шумағы былайша аяқталады:

«Өзге мақсат ақылға тола ма екен?» Мұнда да екі ұғым: мақсат пен ақыл. Сонда мақсаттың арманнан айырмашылығы неде деген сұрақ қойсақ, бірден аңғарылатыны, мақсат ақылға тура қатысты емес. мақсат ақылсызда бола бермек. Ақыл дегенде Абай оның жоғарғы мағынасында қолданып отыр. Әйтпегенде мүлдем ақылсыз адам дүниеде болмақ емес, мәселе ақылы толмағандар туралы. Егер мақсатқа ақыл толса, оның арманға айналып кету мүмкіндігі бар. Сірә, мақсат пен арманның айырмашылығы осы болса керек.        

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 91 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: