Абайдың хакімдігі
10/10/2022, 19:23

«ДҮНИЕГЕ ДОС АҚЫРЕТКЕ БІРДЕЙ БОЛМАС...»

Абай тақуа, сопы болмаған. Тақуа адам дүние ісінен тыс болады, ол таза дін жолында болмақ. Бірақ Абай діни тақуа болмағанымен, ой тақуалығына енген. Оның өлеңдерінде «дүние кірі» деген – осы ой тақуалығына қатысты айтылған сөз. Дүние кірінен жуынбай әсте адамшылық туралы айту қиын. Сол сияқты «дүниеге дос» болу да осы дүние кіріне былғану. Мұндай жанның ақыретте жағдайы осы дүниедегідей болмайды деген ойды ақын ұштай отырып, ол екі істің басы қосыла қоймайтынын айтқан. Дүниеге ынтық жан, әрине, махшарды ұмытпақ, олай болса, ол адамның иманы түгел емес. Иманның толық болмауы тек ақыретке, яғни махшардағы Жаратушының сұрағына жауап беру үшін ғана керек пе, әрине, жоқ, мәселені осылай қойса Абайдың хакімдігінің салмағы не болмақ, иманның түгел болуы адамға осы дүниеде қажет. Дүниеге дос болудың, дүниеге ынтық болудың артында сұрақ тұр. Адамның осылай болуы нағыз ғұмыр ақиқаты ма? Адам толық болуы үшін дүниеге достықтың мөлшері болса керек. Дүниеге бар ынта-болмысымен құлау нағыз адамшылыққа жатпайды. Абай бұл тұста сөзсіз екі дүние барлығын айқын айтып отыр. Бірі – жалған дүние, екіншісі – бақи-ғұмыр. Бірақ ол осының ешқайсысына құлай беріліп, бір-бірін жоққа шығармаған. Тақуа болмысы осы (жалған( дүниені жоққа шығарады, ал «дүниеге бой алдырғандар» бақиғұмырды естерінен шығарып жібереді. Абай болса екеуіне ортақ болар сана іздестіру жағында.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 100 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: