Абайдың хакімдігі
03/10/2022, 12:21

«КЕҢ ЖАЙЛАУ – ЖАЛҒЫЗ БЕСІК ЖАС БАЛАҒА»

Михаил Лермонтов «Дитя в люльке...» деген бір шумақты Шиллерден аударған. Одан бұл өлеңді Абай қазақшаға тәржімелеген. Шиллер – Лермонтов – Абайларды қызықтырған нендей ой дегенге келсек, өмір сүру философиясы деп аталатын үлкен білім саласына тап боламыз. Әлемдегі барша істің мәнісі адамның ғұмыр кешуінде. Өмір сүру үшін адамдар адам айтқысыз істерге, әрекеттерге, қарекеттерге барып, тіптен өмірдің өзіне қауіп туғызады. Алайда бұл мәселе баланың бесіктегі шағында әлі айқындалмаған, ашылмаған. Ол оның ержетуімен басталады. Өлең осы туралы. Екі шумақты салыстырайық:

Счастлив ребенок!

И в люльке просторно ему:

Но дай время сделаться мужем,

И тесен покажется мир.

 

Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға.

Алла асыраған пендесі аш бола ма?

Ержеткен соң сыймапсың кең дүниеге,

Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.

Мәселені осылай қойғанда кім бақытты: бала ма, жоқ, әлде ержеткен азамат па сірә, бұл жерде бақыт деген ұғым мәселе ретіне келмейтінге ұқсайды. Оның үстіне Абай «бақыт» дегенді қолданбаған. Шиллердің қалай айтқанын білмейміз, ал Лермонтов болса, өзімен-өзі болған жанға: «... тесен покажется мир», - дейді. Бұл жерде еш трагедия жоқ. Адамның өзінің қиялымен, арманымен, білімге құмарлығымен әлемді тар көруі аса қауіпті іс емес. мәселе осы ойдағы адамның жасайтын ісі мен қарекетінде. Ал Абай болса мәселені мүлдем ашық түрінде берген. Ол: «... Тыныштық пен зар боларсың баспанаға», - дейді. Бесікке сыйған бас әлемге сыймай мазасыздыққа түсу деген не қиямет? Сірә, мұның бәрі адамның өз болмысындағы іс болса керек. Бала кезінде ашылмаған қуат күні ертең адамға мазасыздық беріп, оны таудан тасқа секіртеді. Сөйтіп адамдар әлемге сыймай, өздерін әуре етісіп ғұмыр кешпек. Абай мәселені осылай бұрған, бұл қазақтарға түсінікті. Тәубенің қажеттілігі де осында. Орыс халқының дүниетанымында тәубе деген түсінік жоқ, сондықтан «тесен покажется мир»-ге тоқтау беретін сананы Лермонтов айтпаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 105 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: