Абайдың хакімдігі
19/09/2022, 21:41

«ЕНДІ ӨЗІМЕ ШАҚЫРДЫМ, АЖАЛ БАТЫР»

Абай «Пленный рыцарь» деген Михаил Лермонтовтың өлеңін «тұтқындағы батыр» деп аударған. Түпнұсқа да, аударма да бес шумақтан тұрады. Өлеңнің мағынасы толық берілген. Абай аудармаларын оқып отырып, оның орыс тілін жетік меңгергеніне таңғаласың. Мысалы: «Молча сижу под окошком темницы», - дегенді: «Қараңғы үй терезесі – тұтқын оры», - деп тамаша аударған. Мұнда әдеттегідей жолма-жол, сөзбе-сөз аудару жоқ, аударма ой мәнісіне негізделген. Тағы бір ескеретін мәселе, Абай аудармасы арнайы көрсетілмесе, оның төл шығармасынан еш айырмасы жоқ. Бар сөздер, ұғымдар қазақша түсінікті. Мысалы, М.Лермнотов: Нет на устах моих грешной молитвы», - десе, Абай: «Тәуба жоқ, дұға да жоқ тентек бойда», - дейді, таза қазақи түсінік.

Соңғы бесінші шумақта Абай ерекше көрінген. Зерделесек, ол тереңдеп, батырлықтың мағынасына ой жіберген. Өзінің тұтқындағы қалпына қайғырып отырған батыр жоқ, ол тағдырдың жазуына көнген, оның себебін Абай былайша айтқан:

Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ауыр,

Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.

Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,

Енді өзіме шауырдым, ажал батыр.

«Ажал батыр» деген – Абайдың жаңалығы. Лермонтовта ондай түсінік жоқ. Ал бұлайша айтпаса, қазаққа орыс ақынының өлеңі бұлыңғыр болып қалмақ, сондықтан Абай ойын мейлінше ашық білдірген. Батыр деген – ажалды оңды-солды шашатын жан, ендігі кезек өзіне келген. Егер оның батырлығы рас болса, «ажал батырмен» жекпе-жектерде ол жасықтық көрсетпей, оны тура қарсы алуы керек. Батырлық деген осы. Ажалдан қорыққан батыр емес. ажалды шақыру үшін көзсіз ерлік қажет. Осы ойды Абай айшықты ету үшін «ажал батыр» деген ұғым қолданған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 105 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: