28/03/2022, 16:14 | |
«СЕН АСЫҚҚАН ЕКЕН ДЕП, АЛЛА ӘМІРІН ӨЗГЕРТПЕС» «Әмір» деген ұғым ІХ ғасырдан бері таласқа түсіп келеді. Бұл – адамның еркіне қатысты ұғым. Адам ерікті ме, жоқ, әлде, не болса да, бәрі Алла әмірімен бола ма№ Егер адамның барша ісі мен қарекеті тек қана Алла әмірімен болса, адамда қандай ерік болмақ? Сондықтан ойшылдар әмірдің онтологиялық мәнін мойындаған, яғни әмір – заңдылықтың синонимі. Ол – болмай қоймайтын шындық, бірақ әмір бізге, адамдарға, «Алла әмірі» болып қабылданады. Шындығында, әмір Алладан да тыс абсолюттік мазмұнда болса не болмақ? Олай болса, мәселе – Әмір мен Алланың адамға бұйрығының сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы әңгіме болмақ. Абайдың айтуынша, адам асыққанмен Алла әмірін өзгертпейді. Себебі «әмір» - іске асқалы тұрған шындық, ол – болмай қоймайтын заңдылық, өмір қажеттілігі. Демек, «Алла әмірін» адамдар мойындап қана қоймай, оны тануға талаптанғандары жөн. Абайдың «Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес» деген тұжырымын таным үшін айтылған сөз деп қабылдаймыз. Адам Алла әмірін танып-білсе асығыс іс жасамайды, қажеттілікті қабыл алып, соған орай қарекет етпек. Демек, мәселе Алла әмірін тануда. Міне, осы жолда адам ерікті. Адам еркі мен Алла әмірін Абай осылайша түсіндірген. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 155 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |