07/03/2022, 10:40 | |
«МЕНСІНБЕУШІ ЕМ НАДАНДЫ» Абай надан, надандық туралы көп айтқан. Сонда надан деген кім, надандық деген не деген сұрақтар еріксіз санамызға ой ұялатады. Бұл сұрақтарға жауап іздеу мақсатында Абайдың өз түсінігіне тоқталайық. Надандық туралы пікірлерін Абай әр өлеңінде үзік-үзік ой ретінде айтқандығынан, ақынның бұ мәселе туралы пікірлерін бірнеше топқа бөліп қарастыруды жөн көрдік. Біріншіден, Абай өмірде надандарды көп дейді. Егер өмірде надандар көп болса, өмірдің тамұққа айналғаны емес пе? Өмірде наданның көп болуы қандай заңдылыққа жатады? Әлде бұл пікір оның салқындаған көңіл күйіне байланысты айтылды ма екен? Ол «Келдік талай жерге енді...» деп басталатын өлеңінде. Айтуға көңілім тербенді. Өзім жалғыз, надан көп, Ұқтырасың сен не деп, Әулекі, арсыз елге енді? – дейді. Осссыыы өлең жолдарының мазмұнына үңілсек, «өзім жалғыз, надан көп» дегенде, «көп надан» деп тобыр (толпа) мәнінде айтқанға ұқсайды. Әрине, көп надан тобыр болмағанда не болмақ? Тобыр – әуелден жетесіздіктің көрінісі. Тобырдың психологиясы таяз, ол – бар нәрсені жоқ етуге, жақсыны жаман, ақты қара етуге даяр, мәселені парықтап алмай әлдекімдердің соңынан ере беретін қиратып-жоюшы күш. Абай «Сегіз аяқта» да надандарды тобыр деп ұққан. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім, - дейді. Біз тобыр кімнің болса, соның соңынан еруге дайын күш дегенді айттық. Ал Абайдың «тіліңді алмас көп надан» дегенін қалай түсінеміз? Мәселенің күрделілігі сонда, көп надан (тобыр) есті адамның сөзін естімейді. Себебі есті адам дүниені қиратушы емес, оны гүлдендіруші. Ал мұндай сөзді тобыр (көп надан) естімейді, оған құлағын салмайды. Көп надан бірігіп тобырға айналғанда хайуандық басталады. Бұған дәлелді ақынның «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» деген өлеңінен табамыз: Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Елдің азғанына надандар қуанбаса, мұңаймайды. Өйткені надандарға бейбіт өмір қауіпті, олар тыныштық кезде ақ қардың үстіне қонған қарғадай бірден көрініп қалады. Ал ел азып-тозып, ойран-асыр болып жатқанда надандық өріс алып, кімнің-кім екенін ажырата алмайтын заман туады. Бұл – көп надандарға, олардың ісі мен әрекетіне өте қолайлы жағдай. Көп надан (тобыр) – бүлікші күш. Абай «Менсінбеуші ем наданды...» деп бастайтын өлеңінде. Таппадымкөмек өзіме, Көп наданмен алысып, - дейді. Немесе «Құр айғай бақырған» деген өлеңінде: Өңкей надан, антұрған, Қанша айтса, жан ба екен? – деп түйін жасаған. Бұл жерде бір жайды да ескерген жөн. Байқасаңыз, Абай көп наданды, яғни тобырды өзіне қатысты айтып отыр. Сонда Абай оларға нені түсіндіре алмай, қандай сөздерін өткізе алмай қынжылуда. Бұл жерде Абай көпті надан деп, көпке қиянат жасап отырған жоқ па, өйткені Абай сияқты адамның сөзін ұғып түсіне қою, оның замандастарына жеңіл іс емес. сірә, бұл да шындық болса керек. (жалғасы бар) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |