Абайдың хакімдігі
07/02/2022, 12:30

«АЛЛА ДЕГЕН СӨЗ ЖЕҢІЛ»

Төрт шумақ өлеңде Абай біршама мәселелерді қозғаған. Ол алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылатын ақиқат емес, ол – жүрекпен қабылданатын шындық.

Алла туралы сөз айту дегеніміз көңілдің сәулесін талап етеді. Бұл – бір мәселе. Келесі шумақта ақын: «Жүректің ақыл суаты, махаббат қылса Тәңірі үшін», - деп махаббат туралы сопылық дүниетаным тұрғысында түсінік берген.

Махаббат иесі – Алла, оны ұғыну үшін жүрек нәрленуі керек. Ол жайды Абай «жүректің асыл суаты» деген. Үшіншіден, Алла ақыл арқылы танылмайтын шындық екеніне баса назар аударған. Бар нәрсені ақылмен тану мүмкін еместігін Батыс Еуропада көптеген ғұламалар айтқан. Бірақ Абай бұл мәселеде Батыс ойшылдарына еліктеп тұрған жоқ. Ол бар нәрсенің барлығы туралы ой айтқанда ислам дүниетанымынан тыс кетпеген. Ислам философиясында Алланы ақылмен танудың мүмкін еместігі әлденеше рет айтылған. Абай бұл жағдайды: «Ақылға сыймас ол Алла, тағрипқа (түсіну, білу) тілім қысқа, аһ!», - деп суреттеген.

Тіл қысқалығы – ақыл мүмкіншілігінің образды бейнеленуі. Бірақ бар нәрсеге шүбә жоқ, себебі оның барлығын жүрек арқылы сезбекпіз. «Ақыл мен хауас (сапа, түр) барлығын білмей дүр жүрек, сезе дүр» - яғни сезімдік таным Абай дүниетанымында ерекше айшықталған. Осы басы ашық мәселе туралы өзінше қисынды ой айтпақ болғандарға: «Бекер босқа езе дүр», - деп Абай үзілді-кесілді пікір айтқан. Себебі бар нәрсені жоқ деп қаншама «оцшылдар», Абай тілімен айтсақ, босқа сөзді езіп, аяқ астынан мәселе туып, ақылсынғанды ақын оқып та көрген, олармен кездесіп, пікір алмасып та байқаған. Абай Алланың барлығы туралы таласты бекер сөз етпеген. Ақын түсінігінде Алла – шүбәсіз шындық, дүниедегі бардың есімі.  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 151 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: