Абайдың хакімдігі
06/09/2021, 21:05

«ОСЫ ҮШ СҮЮ БОЛАДЫ ИМАНИ ГҮЛ...»

Абай – «мұсылмандық», «иман» деген ұғымдарға терең талдау жасаған ойшыл. Оны осы «үш сүю» деген түсінік арқылы қарастырайық. Ақынның айтып отырған бірінші сүюі:

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Яғни, әңгіме Алла тағаланы сүю туралы. Екіншіден:

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.

Мәселе бүкіл адам баласын дініне, тіліне, түр-түсіне қарамай сүю керек, үшіншіден: Алланы, адамзатты сүю дәстүрін хақ жолы, әділеттілік деп, әділеттілікті сүю дейді. Осы үш сүюді ақын имани гүл дей келе, ойын былайша өрбітеді:

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Баст байла жолына, малың түгіл, -

дейді.

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті,

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Абай – діннің дүниетанымдық болмысын тереңдеп, бойлап түсіндірген ойшыл. Ол – қағидаға сеніп, соған сай қызмет етпеген жан. Не нәрсе болсын ақылына, оның өмірге қажеттілігіне, өміршеңдігіне қатты назар салған. Абайда қазақтардың бодандыққа түсіп, ойлары ноқталанған заманның өзінде өзге халыққа, дінге деген наразылық жоқ. керісінше, адамдардың кең түсіністігін аңсауы, биік ізгілікке құмарлығы бар.

Абай мұсылмандыққа, дінге адамдық өлшеммен келген. Ол адамға қажетті істің бәрін – мұсылмандық, адамға қарсы әрекеттің бәрін – дінсіздік санаған.   

 
 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 169 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: