ӘНХ_2009/2010_қаз
30/08/2009, 11:58

КІРІСПЕ

 

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйырығымен бекітілген жалпы  орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі №160 бұйрығымен анықталған.

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақытыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім  қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.

  Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту,  педагогикалық  мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың  әдіс-тәсілдерін  іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалімге қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбіреке көңіл бөлуі қажет.

Бәсекеге қабілетті  білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы  бағдарлы оқыту  жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында  (2002 ж.) көрсетілген.

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы деңгейіндегі оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. 2006 жылдан бері Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлы оқыту 10-11 сыныптарда  екі бағыт бойынша: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылып келеді. Мектеп бұл екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылардың қажеттілігі мен олардың  ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдап алады. Оқушылар таңдаған бағыттары  бойынша физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық, т.б. бағдарларда білім ала алады.

Жалпы орта білім беретін мектептердің  жоғарғы деңгейі оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне себебін тигізуі, мектеп пен кәсіби білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуі тиіс. Оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар туғызу қажет. Бұл шара жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы деңгейіндегі оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстары аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім беру стандартына (2002) сәйкес оқу жоспарының вариативті компонентінің гуманитарлық бағытындағы да, жаратылыстану-математикалық бағытындағы курстарына да барлық пәндер циклі бойынша (3 сағат қолданбалы курс және 3 сағаты таңдау курстары) бөлінген. Осындай курстар оқу жоспарының мектеп және оқушы компоненттері есебінен оқытылады және олардың авторлық сипаты болады. Вариативті компоненттің оқу курстары бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу жүргізілмейді.

Мектептің жоғарғы деңгейіндегі бағдарлап оқытудың маңызды бөлігіне негізгі мектептің 8-9-сыныптарында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып табылады. Ол құрамдас үш бөліктен тұрады:

1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.

2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.

3. Психологиялық көмек беру.

Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушы мектептің жоғары деңгейіндегі оқу бағдарын немесе орта кәсіби білім беру жүйесіндегі мамандықты саналы да сенімді түрде таңдап алуына мүмкіндік туады. 5-10 сыныптарда білім берудің алдында тұрған міндеттер 2002 жылғы білім беру стандарты негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады:

-  жалпы білім беретін  оқу орындарының негізгі орта деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);

-  жалпы білім беретін  оқу орындарының жоғары деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);

- 5-7 сыныптарға арналған оқу пәндері  бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  11.03.2003 ж. № 148 бұйрығы);

- 8-9 сыныптарға арналған оқу пәндері  бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  12.05.2004 ж. № 405 бұйрығы);

- 10-11 сыныптарға арналған оқу пәндері  бойынша жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарға арналған бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  18.10.2005 ж. № 672 бұйрығы).

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында дайындалған  әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алуды ұсынамыз:

1 Жадрина М.Ж., Муканова С.Д. Рекомендации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов. – Алматы, КАО им.Ы.Алтынсарина, 2005.

2. Муканова С.Д. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. — Алматы: РОНД, 2005.

3.  Қазақстан Республикасы мектептерінде  бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Қонақова К.Ө. және т.б. – Алматы, 2006. -32 б.

4. Профильное обучение в школе: содержание образования вариативного компонента учебного плана. – Алматы, КАО им.Ы.Алтынсарина, 2007.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1379 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: