10/05/2009, 13:34 | |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы «14» сәуірдегі № 193 бекітілген бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы «16» наурыздағы №110 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-әрекеті мен негізгі функцияларын анықтайды: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ); 2) Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО); 3) ҰБТ өткізу пунктінің (бұдан әрі – ҰБТ ӨП) жетекшісі мен инженері; 3-1) жергілікті білім басқармасы ұйымдары; 3-2) мемлекеттік комиссия; 4) мектеп бойынша жауапты (бұдан әрі – жауапты хатшы); 5) Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Министрлік өкілі); 6) Білім және ғылым министрлігінің программисі (бұдан әрі - Министрлік программисі); 7) апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері; 8) Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері (бұдан әрі – Республикалық комиссия); 9) аудитория бойынша кезекші (бұдан әрі – кезекші); 10) ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер (бұдан әрі - бітірушілер); 11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК өкілі). 2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін (бұдан әрі – ереже), осы Нұсқаулықты, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. 2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни ҚР БҒМ, ҚР ҰҚК, ҰТО, ҰБТ ӨП қызметкерлері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, жергілікті (облыстық) білім беруді басқару және ішкі істер басқармасының органдарының бірлесе отырып атқарған жұмыстарын қарастырады. 4. ҚР БҒМ ҰТО-мен бірлесе отырып нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды және ережелерді әзірлейді және жетілдіреді. Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын өткізеді. 5. ҰТО «ҰБТ ӨП базасы», «Бітіруші», «ҚР БҒМ», «Сертификат» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде ҰБТӨП-ке жібереді. 6. ҰТО белгілеген мерзімде ҰБТӨП-те «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-ны орнату мен толтыруды жүзеге асырады. 7. «ҰБТӨП базасында» құрылған мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі. 8. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО орнатылады және тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. 9. Техникалық хатшы бітірушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді. 10. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді. 11. ҰБТ ӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі. Бланкілерді сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға тіркеу жөніндегі анықтама беріледі. 12. ҰБТӨП бойынша тестілеуге өтініштерді қабылдау жұмысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін БТМСҰО-ға жіберуді жүзеге асырады. ҰТО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады. 13. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірлесіп, «Бітіруші» ДБ мен өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі. 14. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, мектепте ресімделетін және бітірушілерге берілетін емтиханға рұқсаттамалар басылады. Рұқсаттамалар мектептің мөрімен расталады. 15. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеу қатысушылардың барлығымен бірлесіп ҰБТ-ы өткізіледі. 16. Тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады. 17. Апелляцияға өтініштерді қабылдау жергілікті уақытпен келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және тәулік бойына қарастырылады. 18. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляцияның қорытындысы ескерілген ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі. 19. Күн сайын ҰТО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады. 20. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттарды басу және беру жүргізіледі. 21. ҰБТ-ны ұйымдастырушылар ҰТО-ға атқарылған жұмыстары туралы есепті қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынады. 3. Негізгі функциялар
22. ҰБТ процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды. 23. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттармен қамтамасыз ету: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және т.б. 24. ҰТО-мен бірлесіп, Министрлік өкілдеріне ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту семинарларын өткізу. 25. Республика бойынша ҰБТ-ның өту процесін бақылау. 26. Республикалық комиссия төрағасы мен мүшелерін анықтау. 5. ҰТО функциялары 27. ҰБТ ӨП базасын қалыптастыру кезеңі: 1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ҰБТ ӨП қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу; 2) «ҰБТ ӨП базасын» қалыптастыру үшін ҰБТ ӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету; 3) «ҰБТӨП базасы» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру; 4) телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинау. 28. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңі: 1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТ-ны өткізу пункттерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету: өтініш бланкілері; орта мектеп, кәсіптік мектеп (лицей) және колледждер анықтамалықтары; ұлттар анықтамалығы; азаматтық анықтамалығы және т.б. 2) «Бітіруші» АЖО-ны әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру; 3) ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылау; 3-1) ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру; 4) «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру; 5) аудитория бойынша бітірушілерді бөлуді ұйымдастыру; 6) ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру. 29. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі: 1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ құру; 2) ҚР БҒМ бірлесе отырып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу; 3) Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік, нұсқамалық құжаттармен, сертификаттармен және «ҚР БҒМ», «Сертификат» АЖО-ның бағдарламаларымен қамтамасыз ету; 4) Министрлік өкілдері мен программистерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жіберу; 5) емтихан материалдарын ҰБТӨП-ке жіберу. 30. Тестілеуді өткізу кезеңі: 1) ҰБТ-ның өтуін бақылау және алып жүру; 2) нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодтарын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу; 3) дұрыс жауаптар кодтарын ашуға арналған парольдері беру; 4) телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинау. 31. Апелляция өткізу кезеңі: 1) Республикалық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету; 2) телекоммуникациялық желі арқылы апелляциялық комиссиядан Республикалық комиссияға апелляцияға өтініштерді қабылдау; 3) телекоммуникациялық желі арқылы Республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жіберу; 4) телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинау. 32. Сертификатты басып шығару және беру кезеңі: 1) «Сертификат» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру; 2) телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алу. | |
| |
Просмотров: 2360 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |