02/06/2009, 18:43 | |
Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу: 1. сынып деңгейі; 2. оқушылардың пәнге қызығушылығы; 3. сыныптың жұмыс қарқыны; 4. білім, білік, дағдының қалыптасуы; 5. әртүрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы; 6. оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы: 7. оқушылардың жалпы тәртібі; Жеке ерекшеліктерді есепке алу: 1. жүйке жүйесінің типі; 2. тіл табысушылығы; 3. көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы; 4. оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы; 5. көңіл – күйді төмендеуін жеңе білуі; 6. өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі; 7. импровизация жасай білуі; 8. техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау: 1. Сабақтың тақырыптағы , тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу; 2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі , ғылыми, ғылыми – көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу; 3. Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау. 4. Оқулық материалын еске түсіру,тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу. 5. Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу. 6. Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп,сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау; 7. Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау. 8. Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу,жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын , жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу. 9. Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру; 10.Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу. Жекелеген ережелер: 1. Жинақы болу,оқушылар алдына міндеттерді нақты, түсінікті қою, материалды баяндау логикасын сақтау. 2. Мейірман болу, оқушыларға жекімеу,олардың түсінбегеніне немесе білмегеніне ашу шақырмау. Егер оқушылардың көбі бір нәрсені білмесе, не түсінбесе онда қателікті оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен іздеу керектігін есте сақтау керек. 3. Оқушы сөзін бөлмеңіз,сөзін толық аяқтауға мүмкіндік беріңіз.Жауаптың түсініксіз, нақты болмауы сұрақтың түсініксіз болуы салдарынан болуы да мүмкін. 4. Қандай талап қойылғанын , оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде тексеріп отыру, тапсырмалар мен нұсқаулар қысқа, нақты берілуі керек. 5. Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқысыз қадағалау. Балалардың зейін қоймауы – сабақ қарқынын өзгерту туралы, айтылғанды қайталау немесе сабаққа қосымша материалдар қосу туралы белгі. 6. Сабақты қызыға тыңдау, тапсырмаға ден қою - зейін көрсеткіші екендігін ұмытпаған жөн. 7. Уақытты үнемдеу,сабақты дер кезінде бастау, қоңыраумен бірге аяқтау, оқушылардың белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу. 8. Қойылған әрбір талаптың орындалуына қол жеткізу. Бірде бір талап орындалмай, жәй айтылып қана қалмауы тиіс. 9. Сабақ қарқыны оқушылардың көбі үлгеретіндей жеделдетілген болуы керек. 10. Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырып отыру, олардың бастамаларына, белсенділіктеріне,бар нәрседен хабардар болуына қолдау көрсету. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері: 1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау,құрастыру. 2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын аңықтау. 3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек білімге бөлу, дидактикалық өңдеу. 4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу. 5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау. 6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау. 7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау. 8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі , әсіресе стандартты емес жағдайлардағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс - әрекетін жоспарлау. 9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау (д/ф,к/ф,суреттер, кестелер, карточкалар, сызбанұсқалар т.с.с) 10. Техникалық оқу құралдары мен құрал – жабдықтарды тексеру. 11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау. 12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау. 13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау. 14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау. 15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру. 16. Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу. Бағалау және талдау әрекетін жүзеге асыру. | |
| |
Просмотров: 1303 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |