02/06/2009, 18:41 | |
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ1. Сабақтың мақсаттары · Өткізілген сабақтың маңызы, оқушылардың ерекшелігіне қарай жеке және топтық жұмыстың байланысы, жоспарланған мақсаттардың нәтижесі 2. Сабақтың мазмұны мен ұйымдастыруы · Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда сабақтың мазмұнын, типі мен формасын, әдісі мен тәсілдерін таңдау 3. Мұғалімнің жұмыс технологиясы · Оқушылардың жекешілік тәжірибесін, білімін толықтыру, өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру, балаларға оқу материалын және олардың орындау формасын таңдауға мүмкіндік жасау, сөйлесуді (диалогты) негізге алып, оқу іс-әрекетін құру 4. Жүргізілген сабақтың нәтижелілігі · Алдына қойған мақсаттарының нәтижесі, оқушыларды жеке тұлға ретінде көрсетуі, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы, құзыреттіліктерінің қалыптасуы, кемшіліктері мен жетістіктері, кемшіліктерді түзету жолдары Мұғалімнің тәрбие құзыреттілігі1. Ұжымдық жұмыстың нәтижесіне қызығушылық · Шығармашылық ыңғай таба білгендіктен, басқа адамдарға жағымды баға бере біледі, ұжымдық шығармашылық жұмысқа кері әсер ететін факторларды белгілейді, өз ойын нақты жеткізе біледі және басқалардың пікіріне көңіл аударады 2. Топта жұмыс жасау қабілеттілігі · Ұстаздар арасында әрқашан атқарушы және ұйымдастырушы бола береді 3.Зерттеушілік және шығармашылық жұмысқы дайындығы · Негізгі мәселелерді белгілейді, өз іс-әрекетінің нәтижесіне есеп береді, зерттеу тақырыбын таңдайды және талқылайды, қажетті әдебиетті сұрыптайды, өз тәжірибесін әдебиетте көрсетілген тәжірибемен салыстырады 4. Еңбек тәртібі · Өз уақытын, өз мүмкіншілігін ұтымды қолдана алады. Еңбек тәртібін ұдайы сақтайды. Жауапты істі тапсыруға болады 5. Өмірлік ұстанымы – белсенділік · Кәсіби қалыптасқан педагогикалық құзыреттілігінің нәтижесінде ғылыми білімді, біліктілік пен дағдыны іс-әрекетте жүзеге асырады 6. Педагогикалық әдеп · Адамдармен қарым-қатынасты сенімділікте, сыйластықта, әділеттілікте, мейірімділікте жасайды 7. Ой-өрісін кеңейтуге ынталануы · Көп оқиды, мәдениет орталықтарына барады, іс-шараларға қатысады 8. Денсаулық сақтау педагогикасының пікірін тарату · Денсаулық сақтау педагогика жайлы толық түсінігі бар. Қандай-қпуіп қатерден оқушыны сақтау керектігін біледі. Қызметтес әріптестерімен өз жұмысын жоспарлы әрі дұрыс жасайды. Денсаулық сақтауға арналған технологияларды қолданады 9. Ата-аналармен қарым-қатынас · Ата-аналармен педагогикалық тұрғыда жақсы қарым-қатынас орнатады. Тіл табыса біледі. Әртүрлі жағдаятқа сай, қолайлы әдіс-тәсілдер таңдайды. Қажетіне қарай қарым-қатынасты басқаша құрайды 10. Әртүрлі қатысушылармен қарым-қатынас жасау дағдысы · Педагогикалық тұрғыда жеке оқушылармен, шағын топтармен, оқушы ұжымдарымен және де ата-аналар мен мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орната біледі. Тіл табысады және адамдармен әртүрлі жағдайда дұрыс сарын қолданады. Жекелей ыңғай таба біледі. Ұжымішілік қарым-қатынасты ретке келтіреді | |
| |
Просмотров: 895 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 0 | |