Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 28
02/06/2009, 18:40

Мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігі

 

1. Оқу-тәрбие барысының әдістемелік жұмысы

·        Әрқашан өзінің оқу-әдістемелік папкасын (копилка) толықтырады және жаңартады. Оқу кабинеті мұғалімнің шығармашылық зертханасына сай. Оқу кабинетінің сайыстарына қатысады.

 

2. Оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыру түрлерінің ізденісі

·        Дамыта оқытуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың қызығушылығының төмендеуін уақытында анықтайды және оның себептерін жоя алады

 

3. Өзінің педагогикалық іс-әрекетіне талдау және сабаққа өзіндік талдау жасай алуы

·        Өзінің іс-әрекетіне, сабағына әрдайым талдау жасайды. Әріптестеріне өзіндік талдау жазуға көмектеседі

 

4. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын және құзыреттілігін дамыта оқыту      өнерін қолдану

·        Бағалау өлшемдерін зерттейді және іс жүзінде шебер қолданады. Оқушылардың оқу бағдарламасын меңгерген деңгейін анықтау үшін мониторинг және диагностика жүргізеді

 

5. Өз жұмысында қазіргі заманға сай жаңа технологияларды қолдануы

·        Педагогикалық міндеттерді шешуде жаңа идеяларды және жаңа шешімдерді іздену. Өзінің жұмысында медиацентрді белсенді қолданады

 

6.     Қойылған мақсатқа байланысты қазіргі заманға сай сабақтың әдіс-тәсілдерін, түрін, типін, формасын қолдануы

·       Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырады. Қазіргі заманға сай сабақ талаптарын орындайды

 

7.     Оқу барысында бағдарлы әдістемелік қажеттілік деңгейі

·        Әрқашан педагогикалық іс-әрекетін арттыруда жиналған перспективтік ақпаратқа мониторинг жасайды. Пән мұғалімдерінің папкасы толықтырылады.

 

8.     Оқушылармен жеке және шағын топта жұмыс жасау дағдысы

·        Оқушылар ұжымынан бір оқушыға немесе шағын топқа көңіл аударады. Оқушылармен жеке және шағын топта жұмыс жасай алады

 

 

 

 

Мұғалімнің пәндік құзыреттілігі

 

1. Өз пәнін білуі және пәнге деген қызығушылық

·        Өз пәні бойынша білімі жоғары, арнайы, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді еркін қолданады. Өзінің сабағына көп көңіл бөледі

 

2.Ұқсас ғылымдары бойынша білімі

·        Ұқсас пәндердің негізін біледі. Әрдайым практикада теория деңгейінде ұғым мен құбылыстардың қарым-қатынасын қарастырып, пәндердің интеграция тұжырымдамасын жүзеге асырады

 

3.Базистік оқу жоспарының мазмұнын білуі және іс жүзіне асыруы

·        Пән бойынша базистік, кәсіби, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламасының мазмұнын біледі. Факультативтік және элективтік курстардың ұсынылған мазмұнын біледі. Оқушылардың оқуын және дамуын әртүрлі деңгейде жүргізеді. Оқушыларды толық базистік, әртүрлі деңгейлі, кәсіби және арнайы (тереңдетіп оқыту) бағдарламалармен қамтамасыз етеді

 

4.Өзінің пәні бойынша материал (ақпарат) жинастыру дағдысы

·        Әрдайым пән бойынша ақпаратты ізденуде. Ақпараттың әртүрлі “жолын” қолданады

 

5.Ғылыми материалдар, мәселелер мен оның шешімдері бойынша жинастырудың өзіндік жұмысы

·        Әрқашан жаңартылатын және жүйеге салынған өзіндік ақпараттың банкы болуы

 

6.

7.Оқушылардың қызығушылығын арттыру және оқу мақсаттарына жету үшін ғылыми білімін жүзеге асыру дағдысы

·        Білім беру барысын арттыру үшін ғылыми жұмыстарын қарастырады. Оқушыларға ғылыми білімді таңдап, ізденіп, қолдануға жағдай жасайды. Белгісіз жағдайда ғылыми білімді қолдану үшін өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырады. Шығармашылық іс-әрекетінің методологиясын қолдана алады

 

8.Жаңа білімді тануға, оқуға және игеруге дайындық

·        Өзінің кәсіби деңгейін өз білімін жетілдіру, курс, Интернет, т.б. арқылы әрдайым арттыру

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1885 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: