02/06/2009, 18:39 | |
Мұғалімнің психологиялық құзыреттілігі 1. Психологияны пән ретінде білу · Өзінің педагогикалық іс-әрекетінде психология-педагогикалық тұжырымдаманы негізге алып, қазіргі заманға сай еркін қолданады 2. Психологиялық әдіс-тәсілдерді өзінің кәсіби әрекетінде шебер қолдану · Өз пәні арқылы оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру, оларды өз тәрбиесіне, өздік біліміне, өзіндік дамуына қажеттілігін арттырады 3. Жасөспірімнің психологиялық білімі · Жасөспірімдердің даму жүйесінің мәселелерін шешу кезінде психология-педагогикалық ұсыныстарын зерттеп қолданады 4. Психологиялық шығармашылық білім · педагог-психологпен қарым-қатынас арқылы білім белсенділігін жүзеге асырады 5. Өзінің рефлексивтік мәдениетінің дамуы · әрқашан жоспарланған және жетістік қорытындысын салыстырады, кемшіліктерін түзетеді, оқу барысын және нәтижесін бақылайды, талдау әдістерін жақсы меңгеріп, объективтік бақылауға талпынады 6. Эмпатия · Адамның ішкі дүниесін түсіне біледі. Басқа адамдардың көңіл-күйін сезінеді (қуаныш, реніш, үрей, ұялшақтық, т.б.). Өзін басқа адамның орнына қоя алады 7. Балалардың белсенділігін арттыру дағдысы · Әрдайым оқушылардың қызығушылығын арттырады, оларды жаңа материалды қабылдауына әсер етеді. Балалардың белсенділігін қалыптастыратын әдістерді қолданады Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі1. Оқушылармен жұмыс жасау дағдысы · Үйірме, факультативтер ұйымдастырады, пән апталарын (айлықтарын) жүргізеді, оқушылармен ғылыми жұмыс жасайды. Балалармен бірге серуенге, театр, мұражайларға зор ықыласпен барады. Жұмыста жүйелілік бар. 2. Балаларды қызықтыру дағдысы · Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін арнайы әдістерді қолдануы, ұғымдарды салыстыру, олардың практикалық маңызы, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады, оқушылармен жекелей жұмысқа жағдай жасайды 3. Оқушыларды тәрбиелеу дағдысы · Жеке тұлғаның мәдениетін, білімін, белсенділігін, шығармашылығын қалыптастыруына жүйелі және мақсатты жұмыс жасайды. Оқушылардың тәртібіне және оқу жұмысына көңіл бөледі 4. Сыныптан тыс жұмыс жүйесі · Оқушыларды жеке тұлға ретінде қабылдап, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызады 5. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру дағдысы · Әрдайым оқушыларды ұжымдық іс-әрекетке баулиды: жеке тұлғаның ерекшелігіне қарай тапсырмалар беріледі, қарым-қанынастары есепке алынады, педагогикалық әсердің әдіс-тәсілдерін таба алады, ұжымдық әрекетке қатысуында жақсы жақтарын көрсете алады 6. Оқушыларды жеке іс-әрекетте ұйымдастыру дағдысы · Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелі зерттейді және жекелей жұмысты қамтамасыз етеді: тапсырмалардың деңгейін қарастырады, нашар оқитын оқушылармен жұмыс жасайды, үй тапсырмасының орындалуын жүйелі бақылайды 7. Қолайлы жағдай жасау дағдысы · Оқушылар сабақта өздерін қолайлы сезінеді. Сабаққа оқушылар зор ықыласпен қатысады 8. Өзінің жұмыс нәтижесіне деген қызығушылық · Оқушылармен әртүрлі жұмыс жасап, кез келген мәселелерді шешеді. Оқушыларды жаңа жобалармен қызықтырады 9. Қойылған мақсаттардың жетістік деңгейі · Өзінің ұстаздық шеберлігін арттыра біледі, алға қойған мақсат-міндеттерге жету үшін әдіс-тәсілдерді таңдай алады, өз мақсатының жету деңгейін бағалай отырып, қорытынды жасайды | |
| |
Просмотров: 1096 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |