1. |
пәндік |
Педагогикалық жалпы мәдениеті мен пәнді оқыту туралы терең білімінің сәйкес болуы. Теориялық білімі мен оның практикада қолданылуының үйлесуі. Пән бойынша білім беру бағарламасын құра білуі базалық болып табылады. Білім беру бағдарламасын құрастыру құзіреттілігі әр деңгейдегі оқушыларды оқыту мен дамытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Педагогтың оқушыға ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін үйрететін құзіреті бар. |
&Пән туралы жалпы білімі бар
&әлеуметтік және табиғи құбілістарды өз пәні деңгейінде түсіндіре біледі
&олимпиада есептерін еркін шығарады
&білім беру стандарты мен бағдарламаларын біледі
&жеке авторлық бағдарламасы бар
&оқу әдістемелік кешендерді таңдай біледі, қолдана біледі
&оқу материалын еркін меңгерген
&оқыту міндеттерін шешуде ақпаратты іздеу жолдарын біледі |
Оқу материалының мазмұны шығармашылық
әрекетінің тәжірибесі болып табылады, оқушылары өздігінен білім жүйесін меңгереді, стандартты емес жағдайларда жаңа әрекет тәсілдерін қолданады |
Оқу мазмұны өзгертілген ситуацияларда әрекет тәсілі болып табылады(ереже, формула, теория), мұнда оқушы мұғалім көмегімен саналы түрде білім алады. |
Мұғалім оқу мазмұныны түсіндіре отырып, заң, теория, фактілерді ерекше атап өтеді, қосымша мәліметтер қолданады, білім беру басты назарда болады |
Оқу мазмұны мұғалім оқушыға оқулық негізінде түсіндіріледі. Материалдың толық және дұрыс берілгені назарда болады |
2. |
психологиялық |
Бұл құзіреттілік оқытуды жеке тұлғаға және оқу мотивациясы мен жетістікке ұмтылуға бағытталған. Оқыту үрдісін ұйымдастыру жеке тұлғалық көзқарасты іске асырады.Білім беруді гуманизациялайды. Академиялық белсенділіктің жоғары мотивін қамтамасыз етеді. |
&Оқушылардың жас ерекшеліктерін біледі
&Нақты жастағы оқушыларға білім беруді қарастырады
&Психология теориясын біледі
&Жеке ерекшеліктерді диагностикалау әдістерін меңгерген
&Оқу үрдісінде психологиялық білімін қолданады
&Социометрия әдістерін меңгерген
&Тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін біледі |
Оқушыларға жайлы психологиялық ахуал мен психологиялық сипаттама жасайды
Жас ерекшеліктеріне сай бағыт береді, мектеп психологиясын жеке индивидті диагностикалау әдістерін қолданады |
Оқушыларға психологиялық сипаттама береді, дайын әдістерді қолданады, социометрия жүргізеді |
Сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне сай білім беріп, қарым қатынас жасайды |
Сыныпқа психологиялық сипаттама беру тәжірибесі аз. |
3. |
педагогикалық |
Оқу үрдісінде мақсатты айқындаудың тиімді әдістерін қаматамасыз ететін негізгі құзіреттілік. «субъект»- «субъект» көзқарасын іске асырады, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Педагог тәртіпті, белсенділікті, өзара түсіністікті қалыптастыру үшін үнемі шешімдер және педәрекетті басшылыққа ала отырып, стандартты, креативті немесе интуитивті шешеімдерді қабылдайды.
Педагогикалық баға беру құзіреттілігі бар. |
& Сабақтың мақсаты мен тақырыбының байланысын түсінеді
& Тақырыпты міндетке айналдыру тәсілдер жиынтығын нақты меңгерген
& Педситуацияларды біледі, сәйкес шешімдер қабылдайды.
& Мақсатқа жету критерийлерін меңгерген
& Педагогикалық ойлау дамыған
& Педагогикалық бағалау әдістерін біледі және нақты жағдайда қолданады |
Мотивация оқытудың маңыздылығын түсінуден, әрекет нәтижесін жоспарлаудан, оқыту нәтижесін көре білуден басталады. Әдістері: жүйелі кіріктірілген оқыту мақсатын айқындау, рефлексия, нәтижені болжау, педситуацияларға дұрыс баға береді |
Қалыптасқан көзқарас, оқушылар мотивациясы оқушылардың нақты білім немесе тәсілдерді ашуына бағытталаған Ол жауабы белгісіз тапсырмалар орындау, проблемалық ситуацияны шешу, гипотезаны талдау |
Ситуациялық мотивация, оқу материалына деген дқрыс көзқарас қалыптастыру арқылы білім беріледі:
Қосымша фактілер, сабақтың стандартты емес формалар т.б |
Мотивация құралы мақсат болып табылады. Бейжай мотивация, педаситуацияға баға беруге дайын емес |