Файл №4 2
Тапсырма №1:
Берілген кесте бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің жіктеушілік (классификациялық) кестесін жасау. (15 ұпай)
№ |
Құзырлықтар атауы |
Құзырлықтар көрсеткіштері |
1 |
Қызметтік құзырлық (басты құзырлықтар) |
Пәндік, әдістемелік, басқару-ұйымдастырушылық, мәдениеттілік, рефлексиялық, арнайы, білім беру, ақпараттық, |
2 |
Жүргізетін пәні бойынша кәсіби білім (пәндік құзырлық) |
өз пәнін жетік білу, полимәдениетілік, пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері, технологиясын таңдай білу, танымдық әрекетті ұйымдастыра білу, оқыту құралдарын қолдану |
3 |
Кәсіби білім (психология-педагогикалық құзырлық) |
Кәсіби дамуын жоспарлау, педагогикалық дарыны бар, педагогика-психология негіздерін біледі, жас ерекшелік психологиясын меңгерген, диагностика мен талдау жүргізеді, оқыту мен тәрбиелеу және дамытудың заңдылығын біледі |
4 |
Техникалық құзырлық (өз денесін, жүріс-тұрысын басқара білу; білім беру процесінде өзара әрекетті ұйымдастыра білу) |
Рухани бай, мәдениетті, тұлға ретінде даму мотивациясы жоғары, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыруды біледі, коррекция жасайды, оқушыны субъект ретінде қарайды, өзін-өзі реттейді, қарым-қатынасқа тез түседі, айналасындағыларға деген жайлы көзқарас |
5 |
Шығармашылық құзырлық (мұғалімнің педагогикалық қабілеттері) |
дидактикалық қабілеті жоғары, шығармашылықпен ойлайды, рефлексия жасайды, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістердіжәне дамыта оқытуды қолданады,
интеллектуалдық қабілеті жоғары, жаңа оқыту әдістерін, оқыту бағдарламаларын құрастырады, іс-тәжірибені таратады, зерттеушілік және эксперименттік жұмыстарды жүргізеді. |
|