|
|
Әдістемелік құзыреттілік |
1. оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік қамту бойынша терең жұмыс атқару;
|
Әдістемелік кешені жұтан, тек тексеру немесе кезекті аттестация кезінде ғана дайындалады. |
Әдістемелік қамтылуды жүзеге асырады, бірақ жүйелі түрде жүргізілмейді. |
Оқу-әдістемелік кешенін жүйелі түрде толықтыру үстінде, мұғалімнің оқу кабинеті педагогикалық лаборатория сияқты. |
|
|
|
2. оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру үшін түрлі формаларды іздестіру;
|
Қызметін формальды түрде ғана атқарады, ол оқушылардың есте сақтау қасиетіне негізделген. |
Негізгі ұсыныстарды ғана атқаруға тырысады, ойлау қабілеттерін дамыту бойынша тәсілдерді қолданады. |
Дамытушылық оқытуды қолданады. Туындаған қиындықтарды уақытында көріп, оны жою бойынша шаралар қолдана біледі. |
|
|
|
3. өз педагогикалық қызметіне талдау жасау техникасын игеру;
|
Өзінің педагогикалық қызметіне өз бетінше талдау жасай алмайды. Бірақ тәжірибелі әріптестерінен кеңес алады. |
Өзін-өзі талдау жасау техникасын меңгерген, бірақ оған көңіл бөлмейді. Тек қажеттілік туған кезде ғана қолына алады. |
Өзін-өзі талдау жасау техникасын меңгерген, Жүйелі түрде жұмыс атқарылып отырады. Әріптестеріне кеңес беруде көмек көрсетеді. |
|
|
|
4. оқу орнындағы БИД мен оқушының негізгі құзыретін дамыта отырып қадағалай алу;
|
Оқушының БИД-сын бағалаған кезде қателіктер жібереді. |
Оқушының БИД-сын бағалаған кезде обьективтілік танытады. |
Бағалау критерилерімен таныс, қолдана біледі. Оқушылардың білімі бойынша диагностика және мониторинг жұмыстарын жасай алады. |
|
|
|
5. оқу барысында жаңа технологияларды пайдалана білу;
|
Жаңа мақсат пен міндеттерді шешу қиындық тудырады, барлық жаңалыққа түсінбеушілікпен қарайды. |
Жаңа педагогикалық идеяларға жағымды қарайды, бірақ әкімшіліктің араласуынсыз қолданысқа енгізе қоймайды. |
Жаңа педагогикалық мақсат-міндеттерді іздеу үстінде, жаңалықтардың барлығын өз жұмысында толық қолданады. |
|
|
|
6. сабақтың мақсатына орай жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану;
|
Бұл міндетті атқара алмайды. |
Тырсады, бірақ қиындық туғызады. |
Жүйелі түрде сабақтың мақсатына жету үшін жаңа әдіс-тәсілдердің барлыған қолданады. |
|
|
|
7. дифференциалды тәсілді қолдану;
|
Күнтізбелік, сабақ жоспарларын құрған кезде сыныптың ерекшеліктері ескерілмеген. |
Негізінен күнтізбелік, сабақ жоспарлары дұрыс құрылған. |
Сабақ құрлымын, жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. |
|
|
|
8. оқу үрдісіндегі бағдарламалық-әдістемелік қамту деңгейі;
|
Білім беру саласындағы жаңалықтарды ескермейді, пән мұғалімі ретінде папкалары жұтан немесе мүлдем жоқ. |
Білім беру саласындағы жаңалықтарға құлақ салады, пән мұғалімі ретінде папкалары толық емес. |
Педагогикалық қызметін жетілдіру мақсатында барлық ақпаратпен танысып, қолданады. Пән мұғалімі ретінде папкалары жинақы және толықтырылып отырады. |
|
|
|
9. шағын топта және жеке жұмыс істей алу;
|
Бір топ оқушылардың ішінен шағын топ немесе жеке оқушыны бөліп ала алмайды. Топ мүшелерін басқа адам бөліп берген кезде ғана олармен жұмыс істей алады. |
Топтың ішінен шағын топ немесе жеке оқушыны бөліп ала алады. Қажеттілік туған кезде ғана топтармен жұмыс істей алады. |
Топтың ішінен жеке оқушыны бөле алады. Жеке топтармен жүйелі түрде жұмыс істей алады. |
|
|
|
10. көрнекілікті өз жұмыс барысында қолдана білу; |
Көрнекілікті қолдануды маңызды деп есептемейді, тек кейде ғана қолданады. |
Көрнекілікті қолдана алады, бірақ қажеттілік туындаған кезде ғана қолданады. |
Саналы түрде сабақтың мақсатына орай қолдана біледі. Жұмысын жүйелі түрде жүзеге асырады. Кабинетте жүйелі көрнекілік қоры жинақталған. |