№ |
Аудит объектісі |
Критериялар |
Көрсеткіштер |
Баллдар |
1 |
2 |
3 |
|
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі |
Пәндік құзыреттілік |
1. пәнді білуі және қызығушылық танытуы;
|
Бағдарлама деңгейінде оқу матералын біледі, пән бойынша білім тексеру барысында қателіктер келтіреді. Пәнге қызығушылығы төмен. |
Бағдарлама бойынша білімі нақты,
әдістемелік әдебиетті қолдана алады. Пәнге деген қызығушылығы оянған. |
Бағдарламадан жоғары білім жүйесі бар, әдістемелік және ғылыми әдебиетті қолданады. Пәнге деген қызығушылығы өте жоғары, педагогикалық қызметке құштарлығы жоғары. |
|
|
|
2. пәнаралық білімінің болуы
|
Басқа ғылымдардың бар екендігін біледі, бірақ пәнаралық байланыс жасай алмайды. |
Басқа пәндермен байланыс жасау керектігін түсінеді, бірақ тәжірибе жүзінде қолдана қоймайды. |
Пәнаралық байланыстың негізін біледі, тәжірибе жүзінде пәнаралық байланыс жасай алады. |
|
|
|
3. пәннің мазмұнын және базистік оқу жоспарының құрылымын білу, жүзеге асыру; |
Пәні бойынша оқу бағдарламасының профильді, түрлі деңгейлі, базалық мазмұнын игерген. |
Пәні бойынша оқу бағдарламасының профильді, түрлі деңгейлі, базалық мазмұнын игерген. Ұсынылған факультатив бағдарламаларымен таныс, оқушылардың білімділік және даму деңгейінің әр сатысында сабақ берелі. |
Пәні бойынша оқу бағдарламасының профильді, түрлі деңгейлі, базалық мазмұнын игерген. Ұсынылған факультатив бағдарламаларымен таныс, оқушылардың білімділік және даму деңгейінің әр сатысында сабақ берелі. Қосымша бағдарламаларды оқушы толық көлемде қамтуына жағдай жасайды. |
|
|
|
4. пәні бойынша жаңалықтарды біліп тұру; |
Пәні бойынша жаңалықтармен қажет уақытында ғана танысады, үзінді қолданады. |
Пәні бойынша жаңалықтармен таныс бірақ, тәжірибе жүзінде қолдануға асықпайды. |
Пәні бойынша жаңалықтармен жүйелі түрде танысып отырады, жетістіктерді тәжірибе жүзінде қолдана алады. |
|
|
|
5. өзінің пәні бойынша ақпаратты жинай білу;
|
Ақпаратты тек оқулық пен әдістемелік құралдан ғана алады. |
Пәні бойынша қосымша әдебиеттерді кейде ғана қолданады. |
Жүйелі түрде пәні бойынша ақпаратты іздеу үстінде, ақпаратты түрлі дерек көдерінен алуға тырысады. |
|
|
|
6. ғылыми материалдарды жинақтау бойынша жеке жұмыстар жасай білу;
|
Мақсат қойып материал жинақтау жұмыстарын жүргізбейді, қолындағысы жүйеленбеген. |
Ақпараттық, әдістемелік жиынтығы бар, бірақ жүйеленбеген. |
Толықтырып отырылатын және жүйеленген жеке ақпарат банкі бар. |