Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 16
30/05/2009, 17:42

Құзырлықтар атауы

Құзырлықтар көрсеткіштері

1

Қызметтік құзырлық (басты құзырлықтар)

  • Құжаттың негізгі идеяларын қабылдау, субьектілер және мерзімдерді мөлшермен білу, оларды орындауға жауапкершлікте болу; 
  • Ақпараттардың негізгі көздермен ара қатынасын ажырата білу  (яғни бұл ақпарат қай жерде болуы керектігін білу);
  • Мазмұнды ашу (яғни нормативті-шынайы жағдайлармен сәйкестендіре білу, проблемалар мен қарам-қайшылықтарды анықтау т.б. ).
  • Жауапкершілік, икемділік

2

Жүргізетін пәні бойынша кәсіби білім (пәндік құзырлық)

  • Жеке ұғымдар мен түсініктердің мазмұнын түсіне және түсіндіре білуі, олардың тәжірибелік жағдаяттарда қолдануды түсіндіру ;
  • Мұғалімдік қызметте тәжірибелік мақсаттарды шеше білу;
  • Кәсіби қызметпен байланысты теориялық мақсаттарды шеше білу; 
  • Қарапайым іс әрекеттерге талдау және өздік талдау жасай білу, оның ішінде, есеп жасау, құжаттардағы қателерге түзетулер еңгізу, даулы жағдаяттар шешуге әріптестеріне көмектесу.

3

Кәсіби білім (психология-педагогикалық құзырлық)

  • Кәсіби қызметтің мақсаттарын нақтылау және кәсіби проблемаларды талқылау; 
  • Мақсаттарды шешу барысында көтерілген негізгі проблемалар мен қиыншылықтарға болжамдар жасау;  
  • Қиын үрдістерді жобалау;  
  • Кәсіби және өмірлік қызығушылар сферасы туралы әріптестерінің және басшының жағымды пікірлері;
  • Оқушы-мұғалім, мұғалім-мұғалім, мұғалім-басшы, мұғалім-ата-ана, мұғалім-қоғам бесбұрышының психологиялық қолайлы жағдайына жеке басының оң ықпалы;
  • Серіктестік, сынды қабылдай алу, оң кері байланысқа түсу.   

4

Техникалық құзырлық (өз денесін, жүріс-тұрысын басқара білу; білім беру процесінде өзара әрекетті ұйымдастыра білу)

·        Техникалық және тәжірибелік дағдылары, ақпаратты өңдеу дағдысы, сөйлеу, шаш, дене күтімі, өзін-өзі игере , басқара білу, сыртқы мәдениеті арқылы өзгеге үлгі болу, оқу –тәрбие үрдісінде топты, ұжымды жұмылдыра білу, тазалық, көркемдік талаптарын іске асыру және өзгеден соны талап ете білу

5

Шығармашылық құзырлық (мұғалімнің педагогикалық қабілеттері)

·        Өздігімен оқуға дайындығы мен қабілеті, болашақа ұмтылыс, сол жайлы ойлау, болжамдау, мақсат, міндеттер белгілей білуі, өздігінен ойлау, басқадан өзгешелігі, кез келген күрделі мәселер мен жағдаяттарды шешуге шығармашылықпен қарау, мүмкіндіктер мен ресурстарды табу үшін қоршаған ортаны зерттеу, қандай да болмасын мақсатқа жету үшін жаңа идеялар, көзқарастар мен инновацияны пайдалана алу, зерттеу-тәжірибелер жүргізуге дайындығы мен оған оң көзқарас тудыруы, жаңа ақпараттар мен білім көздерін тез қабылдап, орынды, әрі тиімді қолданысқа еңгізу қабілеті. Кез келеген тапсырманы өзгеше орындау.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 820 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: