26/05/2009, 18:06 | |
Практикалық жұмыс Тақырыбы: Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі Мақсаты: Мұғалімінің «кәсіби құзыреттілігі» қандай қасиеттерден тұрады, бүгінгі күн талабына сай педагог қандай болу керек екенін анықтау. Жаңа формация мұғалімі1.а) Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі ә) Пәндік құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа; 2.а) Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу біліктілігі, азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, ең бастысы - өз Отанының патриоты болу ә) Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен (толеранттылық) өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық әлемінің ғылыми бағытын ізденушілік – зерттеушілік әрекет арқылы игеру б) Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпретациялау в) Мәдениеттанымдылық құзыреттілік – келісім мен толеранттылық идеяларына бейін болу. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көп түрлілігін түсіну, бағалау; жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері мен этномәдениеттік құбылыстарды тани білу; 3.а) Ақпараттық құзыреттілік. Әр мұғалімге қойылатын талап – ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру ә) Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу үшін династиялық оқыту, мультимедиялық, электрондық проблемаларды меңгеру қажеттілігі туындап отырған қазіргі заманда, әсіресе әрбір ұстаз, өзінің электрондық, әдістемелік жүйесін құруға ұмтылуы тиіс Практикалық жұмыс Тақырыбы: Құзыретті мұғалімнің сабағы - бүгінгі күн талабына сай біртұтас динамикалық жүйе. Мақсаты: бүгінгі күн талабына сай сабақ қандай болуы керек, оны құрұ үшін, мұғалімінің құзыреттілік қабілетін анықтау Семинар-практикум Өткізу мерзімі: 29 қыркүйек Қатысушылар: педагогикалық ұжым Тақырыбы: Дәстүрлі және дамыта оқытатын сабақтар Мақсаты: дәстүрлі және дамыта оқытудағы тәрбиелік, білімділік, дамытушылық негізінде тұлғаның біртұтастығын қалыптастыру жолдарын анықтау. Семинардың түрі: дәстүрлі және дамыта оқыту сабақтары жайлы білімді жүйелеу, жинақтау, қайталау. Семинардың тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру Семинардың жоспары: 1. Кіріспе сөз. (Оқу ісінің меңгерушісі) Құзыретті мұғалімнің сабағы қандай болу керек? (талқылау) 2. Диагностика өткізу. 3. Дәстүрлі және дамыта оқыту туралы. Тәжірибемен бөлісу 5. Дәстүрлі және дамыта оқытудың тиімділігі. (әр қатысушы өз ойын қағазға түсіреді, содан кейін жұппен жұмыс істейді, одан кейін шағын топпен талқылайды. Содан соң әр топ өз пікірлерін ортаға шығып қорғайды) 4. Қорытынды жасау. | |
| |
Просмотров: 2728 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 0 | |