№ 3.2.
Тапсырма:
Оқушылардың дамытушылық сабағындағы құзыреттілігін қамтамасыз ету алгоритмін жасау
Сабақтың компоненті |
Оқушының құзыреттілігі |
Ұйымдастырушылық |
Сабақ бойы оқушыларды ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртібі. Ұйымдасқан түрде тақырып мазмұнына ену. Оқушы сабақтың алғашқы сәтінен бастап, нені игеру, неге сену керек екендігін болжайды. |
Мақсаттылық |
Оқушы алдына қойған мақсаттардың мәнін түсініп, оның орындалуын, жеке бөлімдерінің кезеңдерінің мағынасын ажыратады. Мақсатын түсіну, оған жету жолдарын анықтау, оқушылар сабақтың әр кезеңіне мақсат қоя білу. |
Ынталандырушылық |
Оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да маңыздылығын анықтау. Мақсат бойынша тақырып ашуға ынталану. Асықпай жұмыс істеу, жұмыстың ырғағын өзі таңдай білу, өз бетімен жұмыс істейді, ақпаратты әр жерден алады. |
Коммуникативтілік |
Ана тілімен қатар, басқа да тілдерді қарым-қатынас үшін және қандай да бір жағдайдан шығу үшін қолдана білу, қарым-қатынас дағдыларын игеру. Мұғалім мен сыныптың қарым-қатынас деңгейі. Ынталана отырып, барлық іс-әрекетті қолдана білу. |
Мазмұндық |
Оқытылатын, бекітілетін, қайталанатын материалдарды таңдау. Тақырыптың мазмұнын игеру |
Технологиялық |
Оқушы өзі жұмыс істейді, нәтижеге өзі жетеді, оқу процесінде мұғалім тек басшылық жасайды. Сабақ типіне, берілген тақырыпқа, сыныпқа тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін анықтау. Қолайлы технологияны пайдалана отырып, тақырыпты ашу |
Бақылаулық-бағалаулық |
Сабақтағы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту, қолдану.Сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтап, нені білдім және нені білмеймін деген сұрақтар төңірегінде өзін-өзі бағалау |
Аналитикалық- рефлексивтік |
Оқушы нені меңгердім, меңгермедім, нені есте сақтадым, сақтамадым, нені қолдандым деген сұрақтарға өзі жауап береді.Сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау. Алған мәліметті өзінен өткізіп, қайтару. Түсінгендігін дәлелдеу. |
№ 3.3 файлы
тапсырма: Құзыреттілік көзқарас негізінде оқушының БИД бағалау инструментариясын жасау
Құзыреттердің мазмұны |
Қадағалау инструментариі |
Бағалау жүйесі |
Білім |
Тест түрлері, бақылау түрлері, сынақ. |
Бес балдық жүйе, қандай да бір ғылыми жұмыстың нәтижесі. |
Біліктілік, дағды |
Практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, шығармашылық жұмыстар. Мониторинг арқылы қай жерде төмендегендігін, қай жерде өскендігін қадағалау. Алғашқы көрсеткіш пен нәтижені салыстырып отыру. |
Бес балдық жүйе, қандай да бір ғылыми жұмыстың нәтижесінің деңгейі. |
Әрекет тәсілдері |
Сауалнама алу, түрлі тесттер, әңгімелесу арқылы. |
Ситуация тудыру арқылы, рөлдік ойындар арқылы. |
Эмоциялық- құндылықты, тұлғалық қатынас |
Қарым-қатынас арқылы: оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. |
Оқушының тұлғалық қасиеттерінің дәрежесінің деңгейінің жоғары немесе төмен болуы. |
|