Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 10
26/05/2009, 13:27

Файл № 3.2 Тапсырма: Оқушылардың дамытушылық сабағындағы құзырлығын қамтамасыз ету алгоритімін жасау

Сабақ компоненті

Оқушының құзырлығы

Ұйымдастырушылық

Оқушы сабақ бойы сыныпта ұйымшылдық таныту, сабаққа дайын болу, өзін-өзі қадағалау (тәртібін), оқу құралдарын сабақ алды дайындау, барлық сабақтар бойынша үй тапсырмаларын орындап келу, кезекшілік қызметті, жұмыс орнын сабаққа дайын ету.

Мақсаттылық

Сабақ алды өзіне мақсат қою. Сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын жүзеге асыруға белсене араласу. Сабақ міндеттері бойынша өз қызметін шоғырландыру.

Ынталандырушылық

Үй тапсырмасы мен оқылатын оқу материалдарының және қайталау материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да оның маңыздылығын түсініп, сабаққа қатысу.

Коммуникативтілік

Оқушының-оқушымен, оқушының-мұғаліммен қарым-қатынас деңгейін жүзеге асыру. Сыныптағы жайлы психологиялық жағдайдың болуына ат салысу. Жалпы сыныптың және мұғалімнің денсаулығына зиян келтірмейтін жайлы атмосфераның қалыптасуына үлес қосу.

Мазмұндық

Сабақ көлемінде қайталанатын, оқылатын, бекітілетін, өзіндік, тәжірибелік, сарамандық, шығармашылық жұмыстар бойынша материалдар таңдап, іріктеу, негізгісін бөле білу. Оларды сапалы орындай білу. Жаңа ұғым, заңдаылықтарды меңгеру, оны орынды қолдана білу. Тақырыпты нәтижелі игеру үшін мазмұнға сәйкес жіктеп, өзекті мәселелерді іріктеу және соның ішіндегі көкейкесті мәселелерді ажырата білу. Тұжырымды шешімдер мен жауаптар беру.

Технологиялық

Жеке, топтық, жұптық жұмыстар кезінде өзін көрсету. Уақытты тиімді қолданудың әдістерін іздестіру. Пролемалық, ақпараттық сұрақтарға жауаптар іздеу.  Проблеманы шешудің тиімді нұсқаларын қарау. Әрбір пән бойынша берілген тақырыпты, тапсырманы сапалы орындау үшін өзіне тиімді әдіс-тәсілдер түрін таңдай отырып, ақпараттық, Интернеттік оқыту жүйелерін қолданып, тақырыпты кеңінен игеру.

Бақылау-бағалау

Өз іс әрекетін обьективті бағалау. Өзара бағалауды іске асыра білу. Өзінің және сыныптастарының жауаптарына сараптама жасай алу, кемшіліктері мен жетістіктеріне әділ баға беру. Өзі-өзі бағалау арқылы ынталану.

Аналитикалық-рефлесиялық

(талдау)

Сабақты өз бетімен қорытындылай, тұжырымдай  алуы, сабақтағы өз іс әрекетін талдап, нәтижесін шығару. Кемшіліктер мен жетістіктерді анықтай отырып, оның себеп-салдарын анықтап, белгілеуге қатысу.  Болжам жасау.

 

  
Баланың негізгі қызмет түрлеріне, тұлғалық және әлеуметтік тәжірибесіне, жалпы білім берудің басты мақсаттары негізінде оқушының кілтті 7 құзырлығын бөледі. Ол:

1. Құндылық-мазмұндық құзырлық. Қоршаған ортаны көріп, түсіну қабілеті, ондағы өзінің орны мен рөлін, қажеттілігін, бағытын түсініп, сезіну, мақсат таңдай, шешім қабылдай білу біліктілігі. Оның жалпы өмір сүру бағдарламасы осы құзырлыққа байланысты болады. 
2.Әлеуметтік-еңбек құзырлығы. Оқушы азаматтық, бақылаушы, таңдаушы, тұтынушы, сатып алушы, өндіруші рөлін орындауды үйренеді. Оқушы қазіргі қоғамдық өмірдегі өмірге қажетті әлеуметтік белсенділік пен қызметтік сауаттылық дағдыларын үйренеді.

3.Тұлғалық өздік даму құзырлығы оқушы жан, рухани және интеллектуалдық өздік дамуна, эмоционалдық өздік реттеу және қолдауға бағытталған қасиеттерді игереді. Бұл құзырлыққа негізгі өмір сүру қауіпсіздігімен байланысты жеке кешенді қасиеттер,  бас гигиенасы, өзінің денсаулығын сақтау, жыныстық сауаттылық, ішкі экологиялық мәдениет  жатады.

4. Оқу-танымдық құзырлық.   Оқушы шынайы білім алудың нәтижелі креативті дағдыларын, стандартты емес жағдаяттардан шығу әдіс-тәсілдерін, пролемаларды шешудің эвристикалық әдістерін үйренеді. Ол деректерді ажыратып, өлшемдер дағдысын игеріп, танмның басқа да әдістерін игереді.  
5. Ақпараттық құзырлық. Теледидар, магнитофон, бейнежазу, электрондық пошта, ЖАҚ, Интернетті қолдану арқылы оқушының бойында өз бетімен іздену, талдау, қажетті ақпаратты таңдап алу, ұйымдастыру, өзгерту, сақтау  және оны хабарлау сияқты дағдылар қалыптасады. 
6. Жалпы мәдениет құзырлығы.  Оқушы сұрақтар шеңберін және іс әрекет танымдары мен тәжірибесін жақсы игерген болуы керек.  Ұлттық және жалпы адами мәдениеттерді, отбасы, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлерді,адам өміріндегі ғылым мен діннің, олардың көзқарасқа әсерін, тұрмыстық және мәдени-демалыс сфераларындағы ерекшеліктерді игерген болу шарт. 

7. Коммуникативті құзырлық. Әлеуметтік-мәдени, сөйлеу, тілдік мәдениетті де қамтиды. Қажетті тілдерді білуді, қоршаған орта және адамдармен, болып жатқан уақиға,  хабалармен тұрақты  байланыста, топта жұмыс істеу дағдылары, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерде болуды қамтиды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Файл №3.3  Тапсырма: Құзырлық көзқарас негізіндегі оқушының БЕД бағалау құрылымын жасау

Құзырлықтың мазмұны

Қадағалау құрылымы

Бағалау жүйесі

Білім

Тапсырмаларды ерікті түрде таңдату. Проблемалық жағдаяттар туғызу. Балама шешімдерді іздестіруге жетелеу. Шығармашылық тапсырмаларды орындату. «Миға шабул». Зеректікке тапсырмалар ұсыну. Дамыту жұмыстары. Үй тапсырмасын тексеру

Әңгімелесу

Бақылау,

Сауалнама

Тестілеу

Сұрақ-жауап т.б.

Біліктілік, дағды

Танымдық тапсырмаларды қоя және шеше білу. Ойлаудың жылдамдығы мен ыңғайлығы. Байқағыштығы.Талдауға жинақтап қорытуға икемі. Тыңдау, оқу, негізгіні бөлу, игеру, дәлелдей, тұжырымдай алуы,  Жүйелеу, жұмылдыру, топтауды білуу. Қарама-қайшылықтарды және проблемаларды көре білу дағдысы. Білім, біліктілік, дағдысын жаңа жағдаяттарға ауыстыра білуі. 

Талдау

Сараптау

Дәлел

Жұмылдыру

 Шешу

Жүйелеу

Топтау

Қорытынды

Тұжырым

Әрекет, тәсіл

Ауызша, жазбаша өзіндік жұмыстар мен жаттығулар түрі. Шығармашылық өзіндік жұмыс. Оқушылармен кері байланыс тәсілі. Жұмыс түрлерін кезектестіру

Көрнекіліктер мендидактикалық материалдарды пайдалану. Сабақтың ұйымдастырылу түрлері

Берілетін тапсырмалардың көлемін анықтау.

Шаршап, шалдығу деңгейі

Тиімділігі

Жеке, жұптық, топтық, фронтальды ұйымдастыру,  ранжирование, мониторинг

Эмоционалдық –құндылық, тұлғалық қатынас

Сыныптастарының әсері мен үлгісі, Сенім. Жауапкершілік, ұжымда сенім мен беделге ие болу.  Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі. Оқушылармен үлкендермен, құрбыларымен араласу кезінде қарым-қатынас мөлшерін сақтай алуы.

Сыни көзқарас, қайраттылық

Нәтиже сапалығы

Әдептілік

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2437 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 1
1 zeinep  
0
қашықтық курыс туралы түсініктеме алу

Имя *:
Email *:
Код *: