26/05/2009, 13:25 | |
Практикалық жұмыс Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзырлылығы Мақсаты: Мұғалімнің «кәсіби құзырлығы» қандай қасиеттерден тұрады, бүгінгі күн талабына сай педагог қандай болу керек екенін анықтау 2. Мұғалімге қойылған біліктілік талабына қарай құзырлылықтың барлық түрлері жетекші болуы тиіс. Себебі, өзінің қызметін жоғары дәрежеде атқармаса және өздік кәсіби дамуын одан әрі жобалап, болжам жасамаса, онда ол тоқыраудағы педагог. Кәсіби құзырлылық ол білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазиұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықта туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолыү Оның сапасы алған білімінің көптігінен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Кәсіби құзырлылық- ол оның кәсіби тұлғалық білімінің теңдессіз жүйесі, еңбекке шығарамашылық көзқарас, педагогикалық жағдаятты меңгерту үшін үнемі кәсіби жетілуге ұмтылу нәтижесінде жаңа ой-мағына туғызатын қабілет. Егер мұғалім өз немесе басқа пәндер төңірегіндегі, ұжыммен, жекелей проблемалық шығармашылқ топтардағы т.б. әріптестерімен бірлесе қызмет ету, кәсіби қарым-қатынаста болмай дараланып, жеке басының жетістіктері мен кемшіліктерін бірлесе бағалай алмаса, өз шығармашылығы мен қалыптасқан нәтижелі жетістіктерін көрсете алмаса, онда ол тек сыншы педагог Білім, білік, дағдыны және мақсат қоюға оны шешуге ұмтылыс жасамай ынта жігерсіз, педагогика мен психология негіздерін игермей іс жүзінде психологиялық жағдаяттар шешімінсіз тұйыққа тіреліп, өмірдің түссіз жағымен ғана еңбек етсе, онда ол Гете сөзімен айтқанда бір нүктеде тоқтаған мұғалім Қазіргі ақпараттық құралдарды мңгермеген мұғалім «ескірген» немесе «ескі көзқарастағы» педагог деп аталды. Сондықтан қазіргі жаңа формация мұғалімі құзырлықтың төрт түрі: арнайы, әлеуметтік, білім беру, ақпараттық құзырлықты игерген болуы шарт. Оның барлығы да негізгі болады. Бірақ, жетекші - ол білім беру құзырлылығы, оның кәсіби шеберлігі. Жаңа формация мұғалімі: 1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады. 2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі. 3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі. 4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген. 5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие. 6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады. Практикалық жұмыс Құзырлы мұғалімнің сабағы-бүгінгі күн талабына сай біртұтас динамикалық жүйе. Мақсаты: бүгінгі күн талабына сай сабақ қандай болуы керек, оны құру үшін, мұғалімнің құзырлылық қабілетін анықтау 1. Сабақты жоспар бойынша өткізуге немесе кез келген уақытта сұранысқа сай өткізуге болады. 2. Мектеп мұғалімдері, іс-тәжірибе алмасушылар, оқу ісінің меңгерушілері, мектеп директорлары, курс тыңдаушылары, жас мамандар, пән мұғалімдері. 3. Іс тәжірибе алмасу, жас мамандарға әдістемелік көмек, пән мұғалімдеріне бірнеше кіріктірілген сабақтарды өткізу әдістемесі, оқу ісінің меңгерушілеріне сабақ талдауға, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе алмасу мақсаттарында. 4. Оқу ісі меңгерушілері мен мектеп директорларына арналған семинар –кеңес жоспары: (90 минут – 2сабақ) - Топқа бөлу (1 минут) - Кіріктірілген сабақ туралы тренинг (кім қалай түсінеді) сызба нұсқаларын қорғау ( 15 минут) - Сабақ көрсету (45 мин) - Сабақтан соң талдау «Дөңгелек үстел». Алғашқы түсініктері мен сабақтан кейінгі пікірталас. (20 мин) - Рефлексия «Бүгінгі күн талабына сай сабақ қандай болу керек?» (10 минут) Технологиялық карта 1.Технологиялық карта- кез-келген үрдістің, қолданатын құралдың, жүзеге асыратын операциялардың, өткізілетін сабақтың, жазылатын жоспардың, т.б. сипаттау мазмұны жазылған карта, бет түріндегі технологиялық құжат. Технологиялық карта-уақыты және тәртібі жазылған күнделікті сабақ жоспарларын біріктіретін ұстаздың бүкіл оқу үрдісін құрылымдаудың формасы немесе бүкіл жасалатын әрбір сатыдағы іс-әрекеттердің реті мен операциялардың жазып тіркейтін технологиялық құжаты. 2. ТК-ға көшуге себеп болған факторлар: - мұғалімнің, оқушының жұмыс уақытын ұтымды пайдалануы; - дидактиканың талаптарын ескере отырып, оқу материалын құрылымдауды оңтайландыру; - оқушылардың оқу материалын меңгеруінің міндетті нәтижесін бақылауға мүмкіндік береді; - оқушыға оқу үрдісін, сабақтарды, мақсат, мазмұн, іс-әрекет қызметі мен бақылау-реттеу, бағалау кезеңдері бойынша өзара байланысқан біртұтас жүйе түрінде беруге мүмкіндік туады. 3. ТК-ны оқушы пайдалануды қолдаймын. Себебі оқушыға бір тақырып көлемінде жасалған ТК оған тірек конспект түрінде, оқу материалының негізгісін игеруге және негізгі ой идеяларын түсініп, қабылдауға мүмкіндік береді. 4. ТК-ға көшуге мұғалімдердің дайындығы толық қанды жеткілікті деп есептемеймін. Өйткені, жас мамандармен әдістемелік дайындық деңгейі төмен және кәсіби шеберлік деңгейлері талап емес мұғалімдер үшін қиындық туғызады. Ол үшін: - ТК-ны мұғалімдер толық игеру үшін жоғары оқу орындарында 4-5 курстар көлемінде әдістемелік даярлық курс сабақтары мен тәжірибелік практикадан өту кезінде берілу керек; - Мұғалімдер білім арттыру институттарында курстық даярлық кезінде арнаулы тәжірибелік семинарлардан өтуі тиіс; - ТК-ны ұтымды құрастырып, пайдалануды жүзеге асыратын мұғалімдерден шығармашылық топтар жасақтау (мектеп, қала, облыс көлемінде); - ТК-ны қолдану, қолданысқа еңгізу және қолданыстағы сабақ жоспарларынан үлгі әдістемелік құралдар жинақтап, баспа өнімдер шығару арқылы көпшіліктің пайдалануына мүмкіндік жасау. Практикалық жұмыс Тақырыбы: Құзырлы мұғалімнің сабағы-бүгінгі күн талабына сай біртұтас динамикалық жүйе. Мақсаты: Бүгінгі күн талабына сай сабақ қандай болу керек. Оны құру үшін, мұғалімнің құзырлық қабілетін анықтау Таңдалған тақырып: «Бүгінгі күн талабына сай сабақ, ол қандай?» Өткізу мерзімі: Күзгі оқушылар каникул күндері. Кім қатысады? - Мектеп оқу ісінің меңгерушілері, мектеп директорлары немесе әр түрлі категориядағы пән мұғалімдері. Қандай мақсатты қоюға болады? – Кіріктірілген сабақтар арқылы тұлғаны дамыту немесе оқушы тұлғасын тәрбие, дамыту, білім беруді ұштастыру жолымен пәндерді кіріктіру технологиясы арқылы оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін жаңа сабақ материалын игерту. Семинар жоспары: · «Кіріктіру», «Кіріктірілген» ұғымдары бойынша ой қозғау. · Топқа блу арқылы кіріктірілген сабақ үлгісін жасатып, қорғату. · Пікір алмасу тренингі: кіріктірілген сабақтың тиімділігі мен кемшіліктерін талдау · Кіріктірілген сабақ көрсету · Сабаққа әдістемелік талдау (Рефлексия) · Өкілетті білім, нәтижеге бағытталған білім немесе қоғамдағы белсенді мектеп стратегиялары бойынша бағалау, нәтиже шығару. | |
| |
Просмотров: 4622 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 0 | |