Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 8
26/05/2009, 13:24

    3.1             Дұрыс жауаптары:  

 

 1. “Кәсіби құзыреттілік”- жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекетті атқаруға  теориялық, практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі” яғни педагогтың құзырлығы- жеке тұлғаның білім мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.

2.    12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім тек білім беруші ғана  болып қалмауы тиіс. Жаңа мектеп мұғалімі ізденуші, зерттеуші, басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, үйлестіруші тұлғаға айналуы керек. Осы кәзқарас тұрғысынан келгенде,  12 жылдық мектепте құзыреттілік тәсіл оқытудың ең өзекті тәсілі екені айқын көрінеді. Ал құзыреттілік тәсіл оқытуда  алғашқы кезекке оқушыны теориялық біліммен қаруландырудың орнына проблеманы шеше білуге үйретуді шығаратыны белгілі.

3. Жаңа формация мұғалімі:         

1. Әдіснамалық (психология-педагогикалық ) құзырлылық.

2. Жалпы – мәдениеттік ( дүниетанымдық) құзырлылық.

3. Пәндік бағдарлық құзырлылық.

 

 

 

 

    3.3             Дұрыс жауаптар:

 

 1. Технологиялық карта, әрі қарай ТК, ол әдеттегідей тақырыптық жоспарлау мен күнделікті сабақ жоспарларын біріктіріп, ұстаздың оқу процесін құрлымдаудың формасы.

 2.  Бұл оқыту процесін, сабақтарды, олардың мақсаты, мазмұны,іс-әрекет қызметі, бақылау- реттеу, рефлексивті кезеңдері бойынша өзара байланысқан біртұтас жүйе түрінде беруге мүмкіндік тұдырады. Әр мұғалім  өзінің құзыреттілігі мен білімінің сапасын  арттыруға сезінуге тиіс.

 3. Қолдаймын. Жоспарлау кесте түрінде жасалғанда, карта сияқты тек мұғалімінің ғана емес, оқушынының да пайдалануы үшін аса тиімді және ыңғайлы болады!

Оқу процесін ТК түрінде жоспарлау формасы «нашар» деп аталатын оқушыны оқу материалын жете меңгеруге жетелейді. Ол оқылатын тақырыптың соңгы нәтижесін көз алдына елестетіп, нақты сабақты көре алады.ТК шығармашылық потенциалы бар жеткіншек үшін де өз білімін өз бетінше толықтыруына себепші болады.Ол ТК-дан оқылатын тақырыпты біртұтас көре алады және өзінің мүмкіндігіне сай оқу істерін ұйымдастырады. 

 4.Жеткілікті.

№ 3.2. файлы

Тапсырма:

Оқушылардың дамытушылық сабағындағы құзыреттілігін қамтамасыз  ету алгоритмін жасау

 

Сабақтың компоненті

Оқушының құзыреттілігі

Ұйымдастырушылық

1. Өз жұмыс орнын ұйымдастыру;

2. Ағымдағы жұмысты жоспарлау

Мақсаттылық

Өз қызметіне мақсат қою, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтау;

Ынталандырушылық

« Менін білгім келеді ». Танымдық қызуғышылығы.

Коммуникативтілік 

Топтарда немесе жүп пен жұмыс істеу дағдысы.

Мазмұндық

Теориялық білімін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.

Технологиялық

- ізденеді;

- зерттейді;

- шығармашылық қабілеті.

 

Бақылаулық-бағалаулық

Өзін-өзі тексеру, бақылау.

Рефлексия:     -  мен білген жоқпын ?

- білдім.

- көп білгім келеді.

Аналитикалық- рефлексивтіқ

Өзін-өзі бағалау. Өз талабын айтады. Салыстырады.

3.3 файлы

тапсырма:

Құзыреттілік көзқарас негізінде оқушының БЕД бағалау инструментариясын жасау

 

Құзыреттердің мазмұны

Қадағалау инструментариі

Бағалау жүйесі

білім

- өзін-өзі ұйымдастыра білу;

- қойылған міндетті орындарға өзін-өзі бағыттай білу;

- берілген білімді ұғу;

- меңгеру, есте ұстау;

- пайдалану;

Сыртқы бағалау

Біліктілік, дағды

- өзінің білімділік қызметінұйымдастыра білуді,

- тиімді жоспарлай білуді,

- сәйкес функциялардың сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге, ізденушілік-зерттеушілік әрект дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әректіне қарастырады.

- объектілерді, фактілерді құбылыстарды салыстыра білу;

- ен негізгісі мен маңыздысын ажырата білу;

- материалды синтездей білу;

Сыртқы бағалау.

әрекет тәсілдері

- анализ жасау;

- іздену;

- проблеманы шешу;

- жаңа хабар алу;

- өнімді;

- жемісті әдістер;

- саралау тапсырмалар;

- сабақтан тыс жұмыстар;

- ұйымдастыру нысандар;

 

Тест формуларда, есептеу және практикалық, есептер, жобалар, жаттығулар, компютерлік моделдеу түрінде бағалау.

Эмоциялық- құндылықты, тұлғалық  қатынас

- қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті;

- жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлің таба білу біліктілігі;

- азаматтығы мен ел жандылығы;

- өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу, потриотты болу;

- азаматтық белсенділігін көрсету;

- саяси жүйені түсіну.

Портфолио.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1191 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: