Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 7
26/05/2009, 13:17

№3.

Талқылауға қойылатын сұрақтар:

1.     Технологиялық карта дегеніміз не?

2.     ТК –ға көшуіне не себеп болып саналады?

3.     ТК тек қана мұғалім емес, оқушы да пайдаланады дегенді қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба?  неге, дәлелдеңіз

4.     ТК- ға көшуге мұғалімдердің дайындығы жеткілікті  ме? Жетпесе, не істеу керек?

5.     Үш- төрт сабақтан тұратын тақырыпқа ТК- жасап көріңіз

 

1.Технологиялық карта - әр мұғалімнің өз пәні бойынша жылдық меңгертетін тақырыптық жоспар мен күнделікті сабақ жоспарларын біріктіріп, оқу үдерісін жүйелі,нәтижелі жүзеге асыру құрылымының формасы.

2.Технологиялық картаға көшу әр сыныптың білім деңгейін,бағдарын ескере отырып, оқу материалының мазмұнын толықтыруға не бейімдеуге мүмкіндік бере отырып, толық курстың мазмұнын,қолданылатын әдіс-тәсілдер,сабақ түрін,мұғалім мен оқушы әрекетін, және оқушының меңгеру нәтижесін тұтас қамтуға бағыттары анық.

3.Тезхологиялық қартамен оқушының да қолдануы мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артады.Себебі алдын ала  жоспарланған әдіс –тісілдер мен технологиялар,тексеру түрлері жүзеге аспай жатса, оқушы мен мұғалім арасында түсінбеушілік,не іштей сенімсіздік тудыруы мүмкін.Ал оқушы  білімін бағалаудың 3-жақтылығы  барлығынан терең анализ бен салыстыруды талап етеді.Ал  оқушының материалды меңгеру мен білім деңгейін тексеруде қолданылатын бақылау жұмыстарын мұғалімнің өзі құрастыруы  көп уақытты қажет етеді.Сондықтан қала,облыс көлемінде білімді тексерудің форма,әдістерін ұсынатын  кітапшалар сайыстан сұрыпталып, басылып шығарылса, ТК қолдануға себебін тигізер еді .

4.ТК-мен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер өте сирек,сондықтан курстан өткен мұғалімдер өз мектептерінде шығармашылық топ құрып,үйрету жұмыстарын жүргізсе.ТК-мен жұмыс істеуге біртіндеп көшсе дұрыс болады деп ойлаймын.Мұнда тәжірибе мен түзету,толықтыру жұмысттары өте маңызды.Нәтижесін мен кемшіліктерін әдістемелік кеңесте талқыласа.

5.

1-сынып.Дүнтиетану бойынша технологиялық карта

1.Блок №

Сағат саны

2.Мақсаттары

3.Түйінді ұғымдар, терминдер

4.тексеру формасы

Күз- 4 сағат

 

 

 

1.Күзгі табиғат

Жыл мезгілдерін салыстыра отырып,күз мезгілінің ерекшеліктері мен бар жанды ағзаға әсерін білу,меңгеру

Тірі ,өлі табиғат,

күн мен түн

ұзақтығы,ауа-райы.

 

Салыстыру,топ

тау,артығын  не ұқсастығын табу, сәйкестендіру тапсырмалары

2.Күзгі өсімдіктер

Өсімдіктердің тіршілігін бақылай отырып, табиғатта алатын орнын түсіну,қоғамдық пайдалы еңбекке баулу

Күзгі ағаштар, топтары,өсімдік мүшелері

Топсеруен

бақылау,тәжіри-

бе жасау,гүл отырғызу

 

3.Бақта

Бақтағы өсетін жемістер мен жидектермен таныса отырып,оны күту,қысқа дайындықтың маңыздылығын ұғыну

Жемістер мен жидектер,күзгі еңбек,пайдалы,

зиянды әрекеттер.

Сауалнама,отбасылық эссе, топтау,қатесін түзету.

 

4.Қортын-

ды  сабақ

Алған жаңа мәліметті түсінгенін тексеру,қолдана білу деңгейі мен машығын анықтау.сөйлеуде табиғатқа байланысты сөздері дұрыс қодана алу

 

Әр сабақтағы түйінді ойларды зерделеу

Нәтижені шығару,коррекциялық жұмыстар

тест,жұмбақ,

мақалды түсіндіру

 

 

№ 3.2. файлы

Тапсырма:

Оқушылардың дамытушылық сабағындағы құзыреттілігін қамтамасыз  ету алгоритмін жасау

 

Сабақтың компоненті

Оқушының құзыреттілігі

Ұйымдастырушылық

әлеуметтік ортада жұмыс істеу ынталылығы,ынтымақтастық.

Мақсаттылық

Сабақ мақсатын өз мақсатын іске асыру әдісі ретінде қолдана білу

Ынталандырушылық

Ұжымдық еңбек ету мен көңілді әрекетті жетістікке жетуге негіздеу

Коммуникативтілік 

Жалпы сыныптағы ахуал мен өзара қарым-қатынасқа ықпал жасау, әрекетті жоспарлай білу

Мазмұндық

БЕД меңгерудегі іскерлігі мен белсенділігінің ресурс ретінде дамуы

Технологиялық

Өз бетінше іздей,талдай,таңдай,

өзгерте білу,жаңа ұғымды шығару

Бақылаулық-бағалаулық

Өз деңгейін тексеруі мен бағалауын басқалармен салыстыра қарау,түзету.

Аналитикалық- рефлексивтік

Алға қойған мақсат пен нәтиженің сәйкестік өлшемі,құндылығын сараптау,қортынды шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 файлы

тапсырма:

Құзыреттілік көзқарас негізінде оқушының БЕД бағалау инструментариясын жасау

Құзыреттердің мазмұны

Қадағалау инструментариі

Бағалау жүйесі

білім

Ауызша,жазбаша жұмыс түрлері,тесттер,

Жеке дара жетістіктерін тіркеу парағы

Біліктілік, дағды

шығармашылық жұмыс, сауалнама, сайыс,

 

Жеке дара бағалары,ұпайлары

өзін-өзі бағалауы

әрекет тәсілдері

Жалпылама,жеке дара, жұптық жұмыс,сынақ, зерттеу  жұмысы

жобалық жұмыс

 

Позитивті жаңа жоба,жаңа пікір, ойдың динамикасы,

сыртқы бақылау

Эмоциялық-құндылықты,

 тұлғалық  қатынас

Сыныптастарымен жұмысты орындау, басқару,ұйымдастыру деңгейі,психологиялық ахуалы,позитивті көзқарасы

Мадақтау,оқушылардың ой-пікірі арқылы ауызша бағалау,ұпай жинау

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5494 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: