26/05/2009, 13:14 | |
«Жас келсе іске» - жас ұстаздар сайысы Жүргізуші: Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Осы негізде гимназияға осы оқу жылында келген жас ұстаздардың шығармашылық ізденісін, біліктілігін, интеллектуалдық байлығын зерттеп, шыңдау мақсатында жас ұстаздар апталығы өткізіліп отыр. Бүгінгі «Жас келсе іске» атты байқау апталықтың ең соңғы мәресі. Байқау барысында ұстаздар өздерінің білімдерін, шығармашылық ізденістерін, белсенділіктерін көрсетеді. Жүргізуші: Жас ұстаздың жанарында жанады от Ол да келген бір мектепке бала боп Бүгін ұстаз ... Талай сындар тұр күтіп, Енді оларға сөйлеу керек дана боп дей келе «Жас келсе іске» атты жас ұстаздарға арналған байқауымызды бастаймыз. Сахнаға байқауға қатысушы жас ұстаздарды шақырамыз. /Қатысушылар сахнаға шығады./ Жүргізуші: Байқау барысында ұстаздарымызға әділ баға беретін әділқазылар алқаларымен таныстырып өтейін. 1. Джамалбаева С.С. – оқу жөніндегі директордың орынбасары 2. Шалабаева А.А. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 3. Бакирбекова Г.А. – тәрбие жөніндегі орынбасары 4. Сабиганова С.А. – ағылшын тілі мұғалімі 5.Байманкулова О.Қ – гимназия психологы Жүргізуші: Ей, жас ұстаз! Қысылма да, қымсын ба! Түсіп көрген талай ұстаз бұл сынға Сабана түс, Өнерінді бастап кет Баяғыдай бала болып тұрсын ба! Бірінші кезең – Таныстыру. (5ұпай) Ұстаздар ретімен өздерін таныстырады. Жүргізуші: Жүйріктің бағы жанар ма Білім мен өнер жарысып Тәрбие, тәлім табар мән Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға сол алда. Екінші кезең – Бәйге. Әр бір ұстазға 10 сұрақтан қойылады, кім қанша сұраққа жауап берсе, соған сәйкес өз ұпайларын алады. Жүргізуші: Мақал-мәтел – сөз мәйегі, тілегі, Әр сындарда асыл сөздің тірегі Қарапайым қазақ тілі - өз тілім Өз тілімде бұлқынады жүрегім. Үшінші кезең – Көкпар. (5ұпай) Мақалды аяқтау . 1.Найзасыз ер болмайды 6.Өз білмегеңінді кісіден сұра (Таңбасыз ел болмайды) (Үлкен жоқ болма,кішіден сұра) 2.Екпей егін шықпас 7.Ақыл жас ұланнан (Үйренбей білім жұқпас») (Жүйрік тай құнаннан) 3.Қына тасқа бітеді 8.Оқу білім бұлағы (Білім басқа бітеді) (Білім өмір шырағы) 4.Ақыл азбайды 9.Ұқыптының тоңы тозбас (Білім тозбайды) (Ұқыпсыздың ісі оңбас) 5.Оқусыз білім жоқ 10. Білекті бірді жығады (Білімсіз күнің жоқ) (Білімді мыңды жығады) Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер Өнер болса қолыңда Өнершінің ырысы Жарқырап жатар жолында. Төртінші кезең - Өнер өрге жүзгізер (5ұпай) Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады. Жүргізуші: Біле білген білімді зерек дейміз Білімімен ел-жұрттан ерек дейміз, Оқушымен, ата-анамен жұмыс істейтін ұстаздарға Түрлі-түрлі жағдайлардан шыға білу керек дейміз. Бесінші кезең – «Біле білген білімді» (6ұпай) Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір- бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады. Жүргізуші: Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын мен еңбек үстінде баланың дарындылығы, белсенділігі байқалады. Сондықтан олар тәрбиенің ең әсерлі құралына жатады. Осындай алуан түрлі құралдарды тиімді пайдалану үшін асқан дарын мен шеберлік керек. Алтыншы кезең – Сергіту сәті. (6ұпай) Ұстаздар отырған көрермен қауыммен ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізеді. Ұстаздың белсенділігі, шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басты назарға алынады. Жүргізуші: Соңғы жетінші кезең «Шешендік өнер» деп аталады. (6ұпай) Ұстаздар не бір адамға, немесе бұйымға мадақтау (комплимент) айтулары керек. Жүргізуші: Ұлтымыздың әр сөзі Асып жатыр кәдеге «Жас келсе іске» байқауы Келіп жетті мәреге Құрметті қауым әділқазылар алқасы бүгінгі байқау жеңімпазын анықтап, қорытынды жасағанша тағы да әсем әуенге кезек берейік. Сахнаға Қалалық «Жауқазын» би сайысының жүлдегері «Айгөлек» би ансамблін шақырамыз. Бүгінгі байқауға қатысқан жас ұстаздарды сахнаға шақырамыз. Сөз әділқазылар алқасына және гимназия директорына беріледі. Жүргізуші: Қадірменді жас мамандар! Кәсіби шеберлігінді қалыптастыру үшін өзіңнің ынталығын, шығармашылығын, білімділігін, іскерлік қағылездігін қажет. Сонда ғана өз еңбектеріңіздің жемісін көріп,белгілі нәтижеге жете аласыз. Сіздерге алғашқы ұстаздық еңбек жолдарыңызға одан ары сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін. Сіздердің мақтаныштарыңыз – еліміздің мақтанышы болар шәкірттеріңіз көбейе берсін! Жүрегімнен күй төгіліп, жыр тамған, Әнұраным бар құрлықта шырқалған Шаңырақтан шаттық нұры құйылып Қалықтасын әнұраным бүгін менің ордамнан. Ұстаздардың орындауында гимназия гимні орындалады. айтылады | |
| |
Просмотров: 3681 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 2 | |
| |