26/05/2009, 13:12 | |
3 Модуль№ 3.1. файл
№1.Практикалық жұмыс Тақырыбы: Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі Мақсаты: Мұғалімінің «кәсіби құзыреттілігі» қандай қасиеттерден тұрады,бүгінгі күн талабына сай педагог қандай болу керек екенін анықтау. Талқылауға қойылатын сұрақтар: 1. Кәсіби құзыреттілік дегенді қалай түсінесіз? 2. Мұғалімге қойылған квалификациялық талабына қарай, құзыреттілік түрлерінің қандайы басты болады деп ойлайсыз? 3. Жаңа формация мұғалімінің құзыреттілік пен тұлғалық қасиеттерін анықтап, үлгі бойынша орындарына қойыңыз: Жаңа формация мұғалімі: 1. ----------, 2. ---------, 3. ----------, т.б. 1.Кәсіби құзыреттіліктің негізі іс-әрекетті атқаруда,мәселені шешуде тұлғаның жаңашыл, негізделген, тұрақты көзқарасы мен қабілетінің ұштасуында деп ойлаймын. 2. Мұғалімге қойылған квалификациялық талабына қарай құзыреттіліктің · Коммуникативті құзыреттілік · білім беру құзыреттілігі · Ақпараттық құзыреттілік · Өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттілігі түрлері басты болады деп ойлаймын. 3. Жаңа формация мұғалімі: 1.Адамгершілік-рухани құндылығы жоғары. 2.Өз бетімен дамуға және ойын іске асыруда ішкі мотивациясы басым. 3. Коммуникативті, әлеуметті дамыған тұлға 4.Іздемпаздық,әдіскерлік,дәстүрлі емес ойлау қабілеті басқаларды еліктіргіш. 5.Игерілетін БЕД тұлғаның өмірлік тәжірибесіне бейімдеп үйлестіруші. №2.Практикалық жұмыс Тақырыбы: Құзыретті мұғалімнің сабағы- бүгінгі күн талабына сай біртұтас динамикалық жүйе. Мақсаты: бүгінгі күн талабына сай сабақ қандай болуы керек, оны құрұ үшін, мұғалімінің құзыреттілік қабілетін анықтау Тапсырма: үш тақырыптың ішінен таңдап практикум- семинарды құрастыруды сұраймын. Тақырыптар:
1. ”Бүгінгі күн талабына сай сабағы қандай екен ?”
2. Дәстүрлі және дамыта оқытатын сабақтар.
3. Жас маманның бірінші қадамдары Міндетті түрде неменеге көңіл бөлу керек: · өткізу мерзіміне · Кім қатысады? · Қандай мақсатты қоюға болады? · Қысқаша түрде таңдаған тақырыбы бойынша семинардың қандай жоспарын құруға болады? · Қандай түрде, қандай тәсілдерді қолданып нәтижесін шығаруға болады? | |
| |
Просмотров: 2045 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | ||
| ||