Қашықтық курстардың үздік жұмыстары - 3
26/05/2009, 13:08

Модуль 3 № Файл 3№1

І.1.Кәсіби құзыреттілік дегенді қалай түсінесіз?

Кәсіби құзыреттілік : жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық , практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі .

Жаңа кезендегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен , ата- анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады .

Ойы жүйрік , ақылы жетік , бәсекеге  қабілетті , өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады .

-Жан-жақты дамыған ;

- өзіндік көзқарасы қалыптасқан ;

- өй -өрісі кең ; 

-өз ой пікірін еркін жеткізе алатын ;

-шығармашыл ;

-белсенді ;

- терен білімді ;

-кәсіби сауатты , дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мектептің жаңа тұрпатты ұстаздар ұжымы аянбай тер төгіп еңбек етуі арқасында үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыстарға жетеді деп сенеміз.

Психологиялық – педагогикалық  әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда  кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым : құзыреттілік (компетенттілік) және құзыр (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді .Оның біріншісі, С.Ожегев сөздігі бойынша , белгілі бір кәсіби қызметке байланысты , қандай да болсын мәселеден хабардарлық , беделділік, ал екеншісі , қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның , мекеменің мәселелерді шешуге, іс- әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері.

Кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің , кәсіби біліктілікті мен дағдысының , тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады .

 

.І.2. Мұғалімге қойылған квалификациялық талабынды қарай , құзыреттілік түрлерінің қандай басты болады деп ойлайсыз.?

1. Айрықша назар аударатын мәселе- мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі .

Ақпараттық қарым –қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі .Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу үшін династикалық  оқыту , мультимедиалық электрондық  проблемаларды меңгеру қажеттілігі туындап отыр . Әсіресе , әрбір ұстаз , өзінің электрондық  әдістемелікжүйесін құруға ұмтылуы тиіс.

2. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметтпен жоғары деңгейде айналысатың және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметтінде кәсіби  білімді , бөлік пен дағдыны , мақсат қоюшылықты игеруге деген қызуғушылығы және білім беру қызметінде субьектілік пен криативтиліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

 

3. Жаңа формация мұғалімі «дайын» білім көз ғана болмай , керісінше оқушыларының танымдық  іс әрекеттінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі , білімнің құндылық  ретіндегі сипатынан терең мән бере білуі , нәтижеге бағдарланған білім сапасын артыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға  дағдыланған маман болуы қажет .

 

І.3. Жаңа формация мұғалімнің құзыреттілік пен тұлғалық қасиеттерін анықтау.

Мұғалім қашанда білім беруден жалықпайтын , шығармашылығы мол еңбеқор әрі парасатты адам болғаны жөн. Өйткені , өз ісіне берілген , асылдарын асқақтата отырып  шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғанғ бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Сондықтан мұғалім шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп , әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамытып , дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасап , олармен жүйелі жұмыс істеуі керек .

Мұғалім бірыңғай ақпарат берудің көзі болудан қалды , бүгін ол сабақтың дирижері , оқушының ізденіс қызметінің көмекшісі болуы керек. Ол үшін , біріншіден , дәстүрлі білім беру моделінен жаңа білім беруге мүлдем жоққа шығара алмаймыз , шығаруға құқымыз да жоқ , оның оң нәтижелері көп. Қазіргі білім беру жеке адамның оңтайлы бірлесуі қалыптасуына бағытталған . Жаңа технологиялар мектеп бітірушілердің , мамандардың оқутуда инновациялық әдістер мен құралдары пайдалану есебінен білім сапасын көтеруге , жұмылдыруға , адаптацияға , ойлау қабілетін негіздеуге септігін тигізеді.

 

Жаңа формация мұғалімі:

1.     Ақпараттық құзыреттілік.

2.     Оқушылардың іс- әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі.

3.     Білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман .

4.     Арнайы құзыреттілік .

5.     Әлеуметтік құзыреттілік

6.     Білім беру құзыреттілік

 

 

Практикум – семинар. «Бүгінгі күн талабына сай сабағы , қандай екен ?

 Өткізетін мерзімі : оқу жылы басында .

Қатысатындар : мұғалімдер

Мақсаты :

 

 

 

1.     Сабақта компьютерлік технологияны қолдану тақырыбын ашу .

2.     Практикалық жұмыс .

3.     Қорытыңды .

 

Барысы :

Оқушылардың алддында қойылатын мақсат :

І.   а) Білімділік : оқушыларды білім , білік ,дағды жүйесімен қаруландыру.

    ә) Тәрбиелік : оқушылардың  ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін . қөзқарасты мен сенімін  қалыптастыру.

   б) Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық  қызығушылығын,шығармашылық қабілеттерін,жігерін, көніл-күйін,тілі,жадысы,ынтасы,қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

 

  

  Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар-еліміздің ертеңе .ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын,жеке адамның дарындылығын,талантын ,қабілетін дамыту.,өзекті мәселе енгізіліп  отырғаны белгілі.Казіргі мектептің басты міндеттерінің бірі-жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуін  көмектесетін біліммен ,икемділікпен және дағдымен қамтамасыз ету.

       Оқушылардың интеллектуалды дамуы оқыту үрдісінде жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту аспектілерінің ең негізісі болып табылады. Қазіргі күнде  оқушылардың  меңгеруіне  ұсынылатын  ақпарат күрделігінің көлемі мен деңгейі  әркез  артып келеді,сондықтан да оқушылардың зиятты даму үрдісі жеделдетуді қажет етеді. Оқыту қарқындылығын арттыру жолдарының біріне компьютерлік  технологияны пайдалану жатады.

       Оқытушының еңбек сипатының өзгеруі /жұмыс көлемнің қысқаруы мен оның әрекетіндегі шығармашылықтың артыуы.

        Сабақта компьютерлік модельді қолданутанымдық қызығушылықты дамытуға ,оқушылардың ақпараттық технология мүмкіндіктерін меңгеруіне ,оқушылардың интеллектуалды қабілетінің  мейілінше үйлесімді дамуына әсер етуі тиіс.

         Оқушының компьтермен дилогын ұйымдастыруда өздік  жұмыс  көлемнің арту есебінен оқушылардың танымдық әрекетінің  белсенділігі оқу көрнекілігінің  тиімділігі  артуының басты шарты табылады.

         Компьтерлік модельді ,негізінен, жаңа материалды түсіндіру немесе есепті шығару кезінде қолдану ыңғайлы.  Мұғалім азғана оқушыны мониторға жақын  жеке-жеке отырғызып жұмыс жасаса  немесе  кабинетте  кодослайдқа  ұқсайтын үлкен форматты  қабырға  экранында  компьютер экранын  кескіндеуге  мүмкіндік  беретін  проекциялық  ғтехника болса  мұндай көрсетілім  үлкен  жетістікке  жетелейді.

       Компьтер сыныбындағы сабақтың формасы бойынша  қызықты болып қана  қоймай , сонымен қатар жоғару оқу  тиімділігін  бере алуы  үшін не істеу керек? Компьютерлік  модельді  оқыту ушін тандалғандармен  бірге оқушыларға  арналған  жұмыс жоспарын  мұғалім алдын ала  дайындауы  тиіс, модельдің  мүмкіндігіне  сәйкес  тапсырмаларды  тұжырымдауы  керек. Мұғалім  сабақтың  басында көрсетілген  материалдардың  қағазға  басылған нұсқасы  таратып бергені дұрыс болар еді.

       С.Л. Рубенштейн көрсеткендей:» Оқушы шындығында жұмысқа тартылуы үшін , оның оқу әрекетінің  барысында өз алдына қойған міндеттерді  тек өзіне түсінікті болмай ,сонымен қатар оны  іштей қабылдауы,яғни олар оқушы үшін  маңызға ие болып , осылайша ішкі күйзелістерді мен сезімдеріне жауап пен тірек нүктесін беруі қажет.»

    2   Кезең

       Семинпрға қатысатың мұғалімдер  әр қайсылары  топтарға бөлінеді. « Математиктер»,» Қазақ тілі мен әдебиет «.»Биология» т.б.

        Әр топ өз сабағына сай таырып  таңдап  сабақтың жоспарын құрайды. Сабақта компьютерлік  технологияны  қолдану.

1.     Тақырыбы.

2.      Мақсаты. Қолданатын әдістемелер.

3.     Сабақтың өзіндік «ерекше  қызығып » ойлап табу.

4.      Таңдалған оқу материалды топтау, компьтерге еңгізу.

5.      Сабақ барысында  оқушылардың іс-әрекетін бағалау.

6.     Үй тапсырмасын ойластыру.

7.     Қорытынды.

 

4.     Анкета :

1. Не үйрендіңіз?

2. Не білгіңіз келеді?

3. Келесі семинарда  қандай тақырып қарастырылсын деп ойласыз?

 

Талқылауға қойылатын сұрақтар :

1.     Технологиялық карта әдеттегідей тақырыптық жоспарлау мен күнделікті сабақ жоспарларын біріктіріп , ұстаздың оқу процесін құрылымдаудың формасы.

2.     Көшуі себебі : сабақтарда қолданатың әдістер мен технологиялар және мониторинг жүргізеді .Бұл оқыту рпоцесін , сабақтарды , олардың мақсаты , мазмұны іс- әрекет қызметі , бақылау – реттеу, рефлексивті кезендері бойынша өзара байланысқа бір тұтас жүйе түрінде беруге мүмкіндік тұдырады .

Т.К осындай функцияларды атқарады : оқушылардың білімді меңгеруін жоспарлайды , арнайы білік пен дағдыларды қалыптастыру.

3. Т.К тек ғана мұғалім емес , оқушы да пайдаланады . Өйткені мұғалім да оқушы да олардың маеңгерген білімі , нәтижесін көріп отырады. Мұғалім оқушының түсінбеген тақырыпты қайталауға, қадалап отырады.

4. Т.К –ға көшуге мұғалімдердің дайындығы жеткілікті деп ойлаймын . Мұғалімнің іскерлігі қажет және де осы Т.К қолдануға күнделікті сабақта пайдалану керек.

5.T. К. 2 сынып Ана тілі .

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3351 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: